«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жақсы дәстүрдің жалғасы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қаламызда рес­публикалық “Мектепке жол” акциясы жалға­суда. Бұл жолы қайырымдылық шарасы М.Қо­зы­баев атындағы Сол­түстік Қа­зақстан университетінің қабыр­ғасында өтті. Атал­­ған жоғары оқу орны екі от­ба­сына мате­риал­дық көмек көр­сетіп, ал 9 от­басынан шыққан 21 балаға кең­се тауарлары са­лын­ған рюкзак­тар мен спорт дү­кеніне серти­фикаттар табыстаған.

“Акция аясында біз қызмет­керлеріміздің отбасыларына кө­мектесуге және қолдау көрсе­туге шешім қабылдадық. Жұмы­сыңыз үшін рақмет. Әр балаға спорттық киім немесе аяқ киім сатып алуға сертификаттар бе­ріледі. Оқушылар жаңа оқу жы­лында үздік нәтижелер көрсетіп, ата-аналарын қуанта берсін!”, – деді университеттің басқарма мүшесі Азамат Жикеев.

Бұл акцияға қатысу үшін мұқ­таж ата-аналар өз білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік пе­да­­гогтарға жүгінуге тиіс, ал олар өз кезегінде тізімдерді дайындап, тиісті мекемелерге жібереді.

Қайырымдылық акциясына қа­тысқандардың бірі – Баталовтар отбасы. Виталий мен Светлана көптеген жылдар бойы жергілікті университетте жұмыс істеп ке­леді. Бүгінде бес бала тәрбиелеп отырған отбасына көмек артық етпейді.

“Басшылыққа үлкен алғыс айтамыз, әрдайым қол ұштарын созып, көмек көрсетуге дайын тұ­рады. Енді міне, мектепке толы­ғымен рюкзак жинап берді. Бұл – біз үшін үлкен қолдау”, – деді Светлана Баталова.

Жалпы “Мектепке жол” ак­циясы аз қамтылған және көп ба­лалы отбасылардан шыққан оқушыларды, жетім қалған ба­лаларды материалдық қолдауға бағыт­талған.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp