«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда Көкшетау қаласында Ақмола облысының 85 жыл­дығына орай “Көркіңнен айналайын, Көкшетауым” атты аймақтық өнер фестивалі өтті. Бұл шараға Аста­на қаласы мен Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Сол­түс­тік Қазақстан және Ақмола облыстарынан өнерпаздар қатысты.

Тұмса табиғатымен таны­мал Көкше жерінің сұлулығы мен ұлы тұлғаларын насихат­тау, шы­ғармашылық ұжымдар, орын­дау­шылар арасында тәжі­рибе алмасу, мәдени байла­нысты да­мыту мақсатында ұйымдасты­рылған фести­валь­дің іріктеу ке­зеңінен өткендер Ақмола төрін­дегі гала кон­цертте өнер көрсе­туге мүмкіндік алды. Байқау та­ла­бы бойынша аспандағы аққу­ға үнін қосқан Біржан сал, Ақан сері сынды бұл­бұлдардың шы­ғармалары мен халық әндерін орындау қа­жет болды. Айтулы шараға өңі­рімізден барған Ғабит Мүсіре­пов атындағы ауданның “Алтын домбыра” халықтық қа­зақ ұлт ас­паптар ансамблі жоға­ры дең­гей­де өнер көрсетті. “Угайым-ай” әнін орындаған ан­самбльдің өнеріне көкшелік кө­рермен зор ризашылық білдірді.

Фестиваль қорытындысы бо­йынша “Алтын домбыра” ан­самблі дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Шолпан САЛЫҚОВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp