«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Қайратқа” қауқары жетпеді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Футболдан ел біріншілі­гі­нің 17-ші турында жергі­лікті “Қы­зыл­жар” клубы өз ала­ңын­да ал­ма­тылық “Қай­­­рат” командасын қа­былда­ды. Текетіреске то­лы матч­та қонақтар жер­лес­те­ріміз­дің қақпасына жал­ғыз гол са­лып, жеңіске жетті.

Бұл кездесуге дейін “Қызыл­жар” 7-ші орында келе жатса, “Қайрат” турнирлік кестеде екін­ші сатыға жайғасқан болатын. Ойында қос клуб та жеңістен дә­мелі екендіктерін бірден бай­қатты. Матчтың тағ­дырын 39-шы минутта соғылған гол шеш­ті. Оның авторы – Анд­рей Уль­шин.

17-ші турдан соң турнирлік кестеде “Қай­рат” клубы көш бас­тады. Екінші орынға “Ақтөбе” командасы жай­ғасса, жерлес­теріміз жетінші орын­ды сақтап қалды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp