“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институтында облыстық әдістемелік орталық және облыстың білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің әдіскерлері үшін біліктілікті арттыру курстары өткізілуде.
“Әдістемелік қызметті трансформациялау” атты курстың мазмұны алғаш рет іске асырылып жатқан “943 нысаналы мектеп” жобасына енген білім ордаларынан педагогикалық ұжымдарын тиімді сүйемелдейтін әдіскерлерді оқытуға бағытталған. Нысаналы мектептер PISA, ҰБТ, халықаралық зерттеу нәтижелері, білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі және басқа да көрсеткіштер бойынша іріктелді.
Курстың бағдарламасы өзекті тақырыптардың кең спектрін қамтиды. Соның ішінде оқу-әдістемелік қызметті бағалау және талдау құралдары әдіскерлерге педагогикалық ұжымдар жұмысының тиімділігіне объективті баға беруді үйренуге, әртүрлі мәселелер бойынша педагогтарға кеңес беру дағдыларын игеруге, қазіргі балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеуге және олармен тиімді қарым-қатынас орнату үшін қажет. Сондай-ақ оқушылардың ата-аналарымен серіктестік құруды үйренуге және әдістемелік қызметті дамытудың ұзақ мерзімді жоспарларын әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл құзыреттер білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді және әдіскерлерді қазіргі білім беру үдерісінің өзгермелі жағдайларына бейімделу үшін қажетті құралдармен қамтамасыз етеді.
Бағдарламаның маңызды элементтерінің бірі – көшпелі тәжірибелік сабақтар. Осылайша сабақтардың бірінде әдіскерлер оқу-әдістемелік жұмысты перспективалық жоспарлау мәселелерін талқылап, педагогтарға арналған ұсыныстарды әзірледі.
Курстарды аяқтағаннан кейін әдіскерлер өздерінің кәсіби міндеттерін тиімдірек орындауға мүмкіндік беретін жаңа білім мен дағдыларға ие болады. Бұл өз кезегінде Солтүстік Қазақстан облысының мектептеріндегі білім сапасына оң әсерін тигізеді. Аталған курсты білікті профессорлық-оқытушылық құрам жүргізді.
Осылайша бұл курстар білім беру үдерісіне өзгерістерді тиімді енгізуге ықпал етеді, нәтижесінде өңірдегі білім беру сапасын едәуір арттыруға тиіс.
Әсел ЖАҚСЫЛЫҚОВА,
“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы.