«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Зауыт — екінші үйім”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әскер Резаев – өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарайтын білікті маман. Ол Петропавл ауыр машина жасау зауытында 35 жылға жуық табан аудармастан еңбек етуде. Құрмет пен беделге ие азаматтың адал еңбегі – өскелең ұрпаққа үлгі.

1968 жылы Түркіменстанда дүниеге келген Әскер Резаев – аталмыш зауыттың дамуына бір адамдай атсалысқан білікті маман. Темір ұстасы кәсіпорындағы әртүрлі цехтарда шыңдалып, өз ісінің шебері атанды. Еңбек жолын велосипедтің дөңгелегін жинаудан бастаған шеберге трактор, машина құрастыру сынды ауқымды жұмыс жүктелген. Еңбекқор азамат ауыр жұмыстан ешқашан қашқан емес. Аяулы жары Тойжан Резаева да аталмыш зауытта еңбек етеді.

– Мен жұмыста тұрақтылық болғанын қалаймын. Сондықтан өзіме жүктелген міндетті жауапкершілікпен орындауға тырысамын. Зауыт екінші үйіме айналды. Сүйікті ұжымым бар. Барлығымыз тату-тәтті, ынтымақтастықта жұмыс істейміз. Жалақымыз да жаман емес. Ең бастысы ауызбіршілігіміз бен сыйластығымыз жарасқан. Өзім соған ризамын, – дейді слесарь Әскер Резаев.

Ақмарал ҚҰРМАНАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp