«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САПА — БАСТЫ ТАЛАП

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінде “Бірлік” шағынауданы кең қанат жайған құрылыс алаңына айналған. Мұнда салынуы тиіс 700 үйдің 370-не тасқыннан зардап шеккен отбасылар қоныстанып үлгерді.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов шағынауданда болып, баспаналардың сапасын тексерді. Тұрғындармен әңгімелесіп, құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын, жағдайдың қатаң бақылауда тұрғанын атап өтті.

Пайдалануға берілу кезінде ақау орын алған үйге арнайы соқты. Кемшіліктер дер кезінде түзетіліпті.

“Мемлекеттік, техникалық қадағалау органдары мен мердігерлер үшін жұмыс сапасы басты талапқа айналуы тиіс. Уақыт қанша тығыз болса да, жауапкершілік төмендемеуі керек. Бірде-бір тұрғынның арыз-шағымы ескерусіз қалмауы қажет. Жаңа үйлердің кепілдік мерзімі 2 жылды құрайтынын айтқым келеді”, – деді Ғауез Торсанұлы.

Өңір басшысы қала әкіміне жаңа шағынаудан тұрғындарынан түскен барлық өтініштерді бақылауға алып, кемшіліктерді жою үшін жедел шаралар қабылдауды тапсырды.

Сөз арасында бұл аумақта 90 орынды балабақша мен 600 орынды мектеп пайдалануға берілетінін айта кеткен жөн.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp