«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Медициналық пойыздың көмегі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облысқа келген “Саламатты Қазақстан” медициналық пойызындағы мамандар бір апта ішінде 2651 тұрғынды қарап,  түрлі көмек көрсетті. Дәрігерлер қабылдау кезінде сирек кездесетін ауру түрлерін де анықтаған. Мәселен 18 жастағы қызға  “жатыр аплазиясы” диагнозы қойылды.

“Жатыр аплазиясы” – жатыр мүшесінің болмауы. “Саламатты Қазақстан” медициналық пойызының құрамындағы гинеколог маманға жүгінген бойжеткен осы уақытқа дейін етеккір циклының мүлдем болмағанын айтқан. Ультрадыбыстық тексеру барысында қыз баланың репродуктивті жүйесінің дамымағаны анықталды. Бұл, мамандардың айтуынша, туа біткен аномалия болып есептеледі.

Дәрігерлер бойжеткенге қосымша тексерілуге, МРТ жасатуға кеңес берді. Мұндай жағдайда дертті уақытында анықтап, білікті маманның көмегіне жүгіну аса маңызды. “Саламатты Қазақстан” медициналық пойызы облыста Ақсуат, Қайранкөл, Пресногорьковская, Тайынша, Чкалов, Дәуіт, Қызыл ту станцияларына тоқтап, тұрғындарды қабылдады.

“Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” коммерциялық емес акционерлік қоғамының облыстық филиал директоры Айнагүл Давлетчинаның айтуынша, медициналық пойыздағы мамандар бір апта ішінде 2651 адамды, соның ішінде 416 баланы тексеруден өткізді.

“Тұрғындар медициналық пойыздағы мамандарға көріну үшін кезекке тұрды. Ең көп сұранысқа ие болған  маман – терапевт, 876 адам тексерілді. Хирургке шамамен әр төртінші адам қаралды. Ауылдық жерлерде невропатолог сұранысқа ие, сол себепті 530 адам маман қабылдауында болды. 294 адам стоматологқа көрінді. Мыңға жуық зертханалық тексеріс, рентген, УЗИ, ЭКГ жасалды. Мұның бәрі МӘМС аясында тегін жүргізілді”, – дейді Айнагүл Давлетчина.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp