«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ауызсу тарифін негізсіз өсірген

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір прокурорлары жергілікті кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, Мамлютка қаласы тұрғындары мен кәсіпкерлердің құқығын қорғап, судың тарифін төмендетті.

Мамлют ауданының коммуналдық кәсіпорны тарифтерді белгілеу қағидаларының талаптарын бұзған. Осылайша кәсіпкерлерден бюджеттік ұйымдарға бекітілген тарифпен, яғни тұтынылған судың әр текше метрі  үшін 1318 теңге алып келген.

Қадағалаушы орган өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отыра бұл мәселені зерделеп, заңсыздықты жою туралы ұсыныс енгізді. 

“Ұсынысты қарау қорытындысы бойынша кінәлілер жауапкершілікке тартылып, облыстың табиғи монополияларды реттеу басқармасы 1 шілдеден бастап тұрғындарға 1 м3 үшін 190-нан 99,24 теңгеге дейін, ал басқа тұтынушыларға 1318,72-ден 688,81 теңгеге дейін түсіріп, су тарифін бекітті. Бұл уақытша өтемақы тарифі болып есептеледі. Қабылданған қадағалау шаралары Мамлютка қаласы тұрғындарының, оның ішінде жергілікті кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді”, – делінген баспасөз хабарламасында. 

Осылайша коммуналдық кәсіпорын негізсіз алынған қаражатты тұтынушыларға төмендетілген тарифті қолдану арқылы қайтарады.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp