«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және өңір басшысының өкімімен Жүсіп Рахатұлы Жұмағұлов Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Жүсіп Рахатұлы 1992 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. “КИМЭП” университетін “Іскерлік әкімшілендіру”, М.Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетін “Заңтану” магистрі және Назарбаев университетін “Мемлекеттік басқару” магистрі мамандықтары бойынша тамамдаған.

Ол әр жылдары елорданың қоғамдық даму істері басқармасы басшысының орынбасары, Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Сарыарқа ауданының әкімі болды. 2023 жылдың сәуір айынан бастап осы тағайындауға дейін Астана қаласы Нұра ауданының әкімі болып қызмет атқарды. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Жаңа лауазымда ол ішкі саясат, мәдениет, білім, еңбек және дін мәселелеріне жауапты болады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp