«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Адалдық анты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Біздің халық ежелден Отан үшін төккен тердің бағасын ба­ғамдай білген. Оның ішінде қас­терлі Отан-Ананы қорғау ең ас­қақ парыз, абыройлы міндет еке­нін жас сарбаздар жақсы біледі. Ант қабылдау – Отаныңа, хал­қыңа адал болу, ел басына күн туса, оны ақтық демің қалғанша қорғау, қажет болса, жан қию де­ген сөз. Осылайша ант қабыл­да­ған сарбаз – біздің ұлан-ғайыр жерімізді ақ білектің кү­шімен, ақ найзаның ұшымен қор­ғаған жаужүрек ата-бабалары­мыз­дың ерлік жолын жал­ғастырушыға, елдің қорғанына, сенім арқалаған азаматқа ай­налмақшы.

М.Қозыбаев атын­дағы Сол­түстік Қазақстан уни­­верситеті­нің 54 студенті әске­ри ант берді. Ант қа­был­дау салтанатына сар­баздар­дың туыстары мен дос­тары жи­налды.

Жыл бойы әскери пәндерді, Қарулы Күштердің жарғыларын оқып, саптық дайындықтан өтті. Оқу-жаттығу жиындарына қатысып, қо­рытынды емтихан тапсырды.

“Әскери кафедрада алған бі­лімдерін емтихан кезінде дә­лелдеді. Енді олар Отан қорғаушы­лар қатарында. Табысқа жету жо­лындағы кез келген ке­дергілерді еңсерері анық. Қастерлі хал­қы­мызға ақтық демің қалғанша адал қызмет етуге серт бердіңдер. Бұл – сендердің өмірлерің­де ерекше есте қалар сәт әрі ер еншісі – ел қорғауға басқан қа­дамдарың”, – деді құт­тықтау сөзінде әс­ке­ри кафед­раның оқытушысы Иб­рай Өмір­зақов.

Диана ХАЛИМОВА,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ медиаорталығының редакторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp