«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дойбышылар додасы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда дойбыдан есту және көру кемістігі бар спорт­шылар арасында ел чемпиона­ты өтуде. Тоғыз күнге жал­ғаса­тын жарысқа 14 облыстан 85 адам қатысып жатыр.

Биылғы жарыс рапид және клас­сикалық дойбыдан өтуде. Ал­ғашқы екі күнде спорт­шылар жылдам тү­рінен бақ сы­наса, қалған жеті күнде ұзақ циклды бағдарла­мада өзара мықтыны анықтамақ. Дойбыдан елі­міздің бас жаттықтырушысы Зинятқыз Нүсіпбаеваның айтуын­ша, Пет­ропавлдағы сынға жасөспі­рімдер, жастар мен ересектер қа­ты­суда. Олардың арасында бір­неше дүркін Азия және әлем бі­ріншілікте­рінің жүлдегерлері бар.

– Ел чемпионатының қоры­тындысы бойынша ұлттық құра­ма жасақ­талады. Үздік атанған­дар қазан айында Түркияда өтетін Еуропа чем­пионатына қатысуға мүмкіндік алмақ, – дейді Зи­нятқыз Нүсіпбаева.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp