«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Саяжанның қадамы сәтті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазіргі таңда ерлер мен әйелдерге арналған мамандықтардың шекарасы жойылып, жігіттер нәзікжандардың кәсібін шебер меңгерсе, арулар да ауыр жұмыстың бел ортасында жүр. Солардың бірі – Саяжан Ералина. Өмірден ойып өз орнын тауып, кәсіби білікті маманға айналып, елімізді көркейтуге сүбелі үлес қосып жүрген жас маман құрылыс саласына кездейсоқ келмегенін айтады.

Ол құрылыс саласына бала кезден қызық­қан. Айыртау ау­данындағы Құм­төккен ауылын­да туып өскен ар­маншыл қыз­дың бұл қалауын ата-анасы қол­дап, мақсатына қол жеткізуге ба­рынша атсалысқан. 2010 жылы мек­тепті аяқтап, Алматы қала­сын­дағы Қазақ Ұлттық техни­ка­лық университетіне “Құрылыс” ма­ман­дығына оқуға түскен.

2014 жылы оқуын тамамдап, Алматы қаласындығы жобалау компаниялардың біріне жоба­лаушы инженер болып жұмысқа тұрады. Артынан Орта Азия­дағы ең биік ғимарат болып са­на­ла­тын Астана қаласында орналасқан “Абу Даби Плаза” жо­ба­сына ауысады. 2018-2019 жыл­дары Ұлыбританияда “Болашақ” ха­лықаралық бағдарламасы­мен магистратураны сәтті аяқ­тап, елге оралған соң Теңіз мұ­най кен орнындағы FGP-WPMP жобасына құрылыс жұмыста­рын жоспарлаушы инженер бо­лып жұмысқа қабылданады. Ал бүгінгі таңда Жамбыл облысын­да орналасқан сода өндіру за­уытын салу жобасында жоспарлаушы инженер болып қызмет етеді.

– Содан бері еліміздегі ма­ңызды деген бірнеше жобаларда жұмыс істедім. Ал осы жолды таң­дауымның басты себебі – ман­саптық өсу мен тұрақты жұ­мыстың болуы. Құрылыс индустриясы инженерліктен бас­тап жоба менеджментіне дейінгі көптеген мүмкіндіктерді ұсына­ды. Қазіргі таңда көптеген қыз­дар STEM-мамандықтарын, со­ның ішінде құрылысты таң­дау­да. Мен 2020 жылдан бері “Wo­men in BIM” жобасында ерікті болып жұмыс істеймін. Мақ­са­тым – шеберлік сабақтары мен тре­нингтер арқылы қыз­да­рымызға құрылыстағы жаңа техно­логиялар жайлы мағлұмат беріп, олардың біздің мамандыққа деген қызығушылығын ояту, – дей­ді Саяжан.

Жас маман қазіргі таңда жос­парлаушы инженер болып жұмыс істейді. Басты міндеті – құрылыс жобасының көлемін, мақ­сатын, нәтижелерін және мер­зімін көрсететін кешенді жоба жоспарын әзірлеу. Бұл жобаның талаптары мен шектеу­ле­рін түсіну үшін жоба менед­жерлері­мен, инженерлермен, сәулетші­лермен және басқа да мүдделі тараптармен бірлесіп жұ­мыс істеуді қамтиды.

– Мен әрдайым үздіксіз жеті­лу мен инновацияларға ұмтыла­мын. Жаңа технологиялар мен әдістемелерді қолдану арқылы жобалардың тиімділігі мен нәтижелерін жақсартудың жолдарын іздеп жүремін. “Primavera P6”, “Power BI” және “Anaplan” сияқ­ты құралдардағы техникалық тә­жірибем мен кросс-функционалды командаларды басқару қабі­летімнің арқасында күрделі жо­баларды дәлдікпен басқара аламын. Сонымен қатар құрылыс салаларындағы тәжірибем ма­ған жобаларды басқаруда ерекше көзқарасқа ие болуға, ең жақсы тәжірибелерді қолдана оты­рып, тиімді шешімдер ұсы­нуға мүмкіндік береді, – дейді ол.

Құрылыс саласында болып жат­қан соңғы жаңалықтарды, жаңа технологияларды және трендтерді үнемі қадағалап оты­ратын қайсар қыз жоспарлау әдістерін заман талабына сай жаңартуға көмектесетініне се­німді. Қосымша курстарға қа­тысып, семинарлар мен тренингтерден де қалмайды.

– Қазіргі таңда мен жұмыс іс­тейтін сода өндіру зауыты жобасы, тұрақтылық және жасыл құрылыс тәжірибесін қолдана­ды. Бұл елімізде және бүкіл әлем­де енді-енді қолданысқа ие болып келе жатқан басты трен­дтердің бірі десек болады. Өткен жылдың қазан айында мен Чи­каго қаласында өткен, “Chicago Build Expo” конференциясына қатыстым. Онда қозғалған мә­селелердің бірі осы тұрақтылық пен жасыл құрылыс болды. Су тасқыны, кли­маттың жылынуы секілді табиғи апаттар көбеюде. Осындай климаттағы өзгерістердің басты се­бебінің бірі – көмірқышқыл газы­ның шек­тен тыс көп мөлшерде бөлінуі. Конференция барысын­да, ауаға бөлінетін көмірқышқыл газының 40 пайызы құрылыс са­ласына тие­сілі екені айтылды, – дейді бі­лікті маман.

Конференцияда кө­мірқыш­қыл газының мөлшерін азайтуға байланысты кешенді ша­ралар жүргізілу ұсынылыпты. Сондықтан Саяжан Ералина қор­шаған ортаға тигізетін әсерін ба­рынша азайтуға, сонымен бірге, тұрғындардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға бағыт­тал­ған сода өндіру зауыты жо­басы бойынша жұмыс істеп жатқанын мақтан етеді. Болашақта осындай жобалар елімізде кө­бейеді деген үміті басым.

Гүлсім НҰРАЙ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp