«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Телефон – өртке себеп

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда қуатталып тұрған те­лефон өрттің шығуына себеп бол­ды. Салдарынан 56 жастағы ер адам ауруханаға түсті.

Облыстық төтенше жағдайлар де­партаменті баспасөз қызметі­нің мәлі­метінше, Петропавлдағы үш қабат­­­ты тұрғын үйдің бірінші қаба­тындағы пәтер­лердің бірінде өрт шық­қан.

“Өрт 5 шаршы метр аумақта бо­лып, жиһаз жанды. Өртсөндіруші­лер оны 8 минут ішінде толық сөндірді. Пәтерде болған 1968 жылғы ер адамға иіс тиген. Емдеу мекемесіне жеткізілді”, – делінген ведомствоның хабарламасында.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, “Жедел жәрдем” көлігімен жет­кізілген қала тұрғынының жағ­дайы өте ауыр. Қазіргі уақытта ер адамның беті бері қарап, жалпы палатаға көшірілді.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp