«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Іріктеудің соңғы кезеңі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл 1 наурызда алғаш рет ел­дің барлық аймағында өңірлік кадр­лық резервке іріктеу басталған бо­ла­тын. Қазіргі таңда іріктеудің соңғы кезеңі өтіп жатыр. Мақсат – жас бас­қарушылардың аймақтық пулын қа­лыптастыру және дарынды жастар­ды өңірлерді дамытуға тар­ту. Өңір­лік іріктеуге 35 жас­тан аспаған, жо­ғары білімі және кемінде 3 жыл жұ­мыс өтілі бар аза­маттар қатысты.

Өңірлік кадрлық резервке іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады – құжат­тарды қабылдау, заңнама мен жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу, құзыреттерді бағалау, құ­ры­лымдық сұхбат және өңірлік кадр комиссиясының отырысы. Қазір Сол­түстік Қазақстан облысының өңірлік кадр резервіне іріктеудің қо­рытынды кезеңі – үміт­керлермен құ­рылымдық сұхбат өткі­зілуде.

Сұхбатқа бес салалық бағыт – аг­роөнеркәсіптік кешен және жер қа­тынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және инфрақұры­лым, индустрия және өнеркәсіп, эко­но­мика және қаржы, сондай-ақ әлеу­­меттік салалар бойынша бар­лығы 34 үміткер қатысуда.

Іріктеуді облыстың кадр комис­сиясы жүргізеді. Қа­тысушылар таң­даған салалық ба­ғыттары бойынша іске асыру кезеңдері, пайда бола­тын проблемалар және күтілетін нәтижелер көрсе­тіл­ген жобаларды ұсы­нады. Комис­сия жобаларды бе­рілген крите­рийлер бойынша баға­лайды.

Сұхбат кезеңінде іріктеудің ашықтығы үшін қоғамдық бірлес­тіктер мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ са­лалық сарапшылар қатысады.

Барлық кезеңдердің нәтижелері бойынша облыстың өңірлік кадр ре­зервіне 20 кандидат қабылданады. Өңірлік резервте болу мерзімі – 2 жыл. Олар жергілікті атқарушы ор­гандарда “Б” корпусының мемле­кеттік әкімшілік лауазымына кон­курстық іріктеусіз орналаса алады.

Ақмарап ҚҰРМАНАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp