Петропавл тұрғындары қоқысты тәттіге, полиэтилен пакеттерді матадан тігілген сөмкелерге айырбастады. Бұл шара “Таза Қазақстан” жобасы аясында ұйымдастырылды. Басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау. Іс-шараға 100-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік органдардың өкілдері, бюджеттік сала қызметкерлері, жастар, еріктілер мен қоғам белсенділері бар. Олар көшеде полиэтилен пакет ұстап келе жатқан тұрғындарға матадан тігілген сөмкелер мен қағаздан жасалған экологиялық пакеттер ұсынды. Сонымен қатар акцияға қатысушылар ядролық апат құрбандарына арналған ескерткіш алаңын жинады.
– Бұл теңізге құйған тамшыдай ғана екенін білеміз. Дей тұрғанмен, осындай шаралармен 100, 150 адамды қамтысақ, бірте-бірте қоғамға ой саламыз, – дейді облыстық жастар ресурстық орталығының маманы Жұлдыз Тоқтарғазы.
Самрат ҚҰСКЕНОВ,
“Soltüstık Qazaqstan”.