«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоқыс беріп, тәтті алды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл тұрғындары қоқысты тәттіге, полиэтилен пакеттерді ма­та­­­дан тігілген сөмкелерге айыр­бас­тады. Бұл шара “Таза Қазақстан” жо­басы аясында ұйымдасты­рыл­ды. Басты мақсаты – қорша­ған ортаның тазалығын сақтау. Іс-шараға 100-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында мем­ле­кеттік органдар­дың өкілдері, бюд­жет­тік сала қыз­меткерлері, жас­тар, еріктілер мен қоғам белсенді­лері бар. Олар көше­де полиэтилен пакет ұстап келе жат­қан тұрғын­дарға ма­та­дан тігілген сөмкелер мен қағаз­дан жасалған экология­лық пакеттер ұсынды. Со­нымен қатар акцияға қа­тысушылар ядролық апат құрбанд­арына ар­нал­ған ес­керткіш алаңын жи­нады.

– Бұл теңізге құйған тамшыдай ғана екенін білеміз. Дей тұрғанмен, осындай шаралармен 100, 150 адам­ды қамтысақ, бірте-бірте қо­ғамға ой саламыз, – дейді облыстық жастар ресурстық орталығының ма­маны Жұлдыз Тоқтарғазы.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp