«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ БАС ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласындағы На­зар­баев зияткерлік мектебінің екі оқушысы Ташкентте өткен “Da­ryndy Zhuldyzdar” V халықара­лық өнер байқау-фестивалінде бас жүлде ие­ленді. Ясмин Жет­пісбаева “Бейнелеу өнері” ата­лымында ең жоғары марапатқа ие болса, Дарина Алшын “Сәндік – қолданбалы өнер” аталымын­да жүзден жүйрік атанды.

Дарина Алшын байқауға Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арнаған “Рухани бейбітшілік аймағы” атты киізден жасалған трипти­хін ұсынды. Дарина өз жұмысында тарихи ескерткіштің руха­ни мұ­расы мен сәулеттік ұлылығын бей­нелеп, туған жерінің мәдени мұрасына деген терең құрметін жеткізді.

Ясмин Жетпісбаева өз кезегін­де қазылар алқасына ке­неп­ке салынған “Көркем” атты су­ретін ұсынды. Оқушы көрермендерді қазақ қызының ерекше образы­мен таңғалдырды. Екі туынды да қазылар алқасы мү­шелерін бейжай қалдырмай, халықара­лық байқау-фестивалінің ең жоғары марапатын ие­ленді.

Сондай-ақ мектеп оқушыла­ры осы жылдың қазан айында Ыс­тамбұлда өтетін тағы бір ха­лық­аралық балалар фестиваліне жолдама алды. Бұдан бөлек, оқу­шылар Өзбекстан астанасы­ның көрікті жерлерімен танысты.

Оқушылардың жетекшісі Ай­жан Дайырова балалардың шы­ғармашылық қабілеттерін дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp