«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН — АЙРЫҚША ҚОЛДАУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов пен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің қатысуымен “Ауыл аманаты” бағдарламасын жүзеге асыру бойынша кеңес өтті.

Бұл жоба ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға, тұрғындарды еңбекпен қамтуға және кәсіпкерлікті дамыту арқылы ауыл халқының табысын өсіруге арналған.

Өткен жылы ауыл тұрғындарына жеке бизнесін дамыту үшін 236 жеңілдетілген несие берілді. 250 жаңа жұмыс орны құрылды. Ауылдықтардың дені мал шаруашылығын дамыту, техника мен құрал-жабдықтар сатып алу, сауда және қызмет көрсету нысандарын ашу, сондай-ақ жаңа кооперация құру үшін мемлекеттің қолдауына жүгінген.

– Бағдарламаға сұраныс көп, сондықтан оны жүзеге асыруды жалғастырамыз. Биыл 91 жобаны қаржыландыру жоспарлануда, 150 жұмыс орны ашылмақ. Қой мен құс шаруашылығы және жемшөп өндірісі басым бағыттардың қатарында, – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасына.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp