«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Салық түсімі артқан

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде биыл жарты жылда салық және басқа міндетті түсімдер есебінен мемлекеттік бюджетке 91,8 миллиард теңге түскен. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен бір миллиард теңгеге артық.

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметі бойынша қаражаттың 30 миллиард теңгеге жуығы республикалық қазынаға, қалғаны жергілікті бюджетке түскен. Нәтижесінде жергілікті бюджет түсімі 10,9 пайызға артқан. Өңірде республикалық мониторингтегі екі ірі салық төлеуші бар. Олар Қазақстанның ірі салық төлеушілерінің 300-дігіне кіреді. Соның бірі – Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл бөлімшесі – “Ресей темір жолдары” ААҚ филиалы. Екіншісі – “СевКазЭнерго” АҚ.

Облыстың осы екі ірі кәсіпорынынан бюджетке 5,7 миллиард теңге түседі. Бұл барлық түсім үлесінің 6,1 пайызын құрайды. Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл бөлімшесі өткен жарты жылда өңір қазынасына 3,4, ал “СевКазЭнерго” АҚ 2,3 млрд. теңге аударыпты.

Ақмарал ҚҰРМАНАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp