«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әйелінің тегін алған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста биыл жеті адам әйе­лінің тегіне өткен, соның үшеуі – ауыл тұрғыны. Айыртау ауданын­да екі ер адам және Қызылжар ауданының бір тұрғыны зайыбының тегін алу туралы таңдау жасаған.

Елімізде 16 жасқа толған әр адам атын, әкесінің атын және тегін өзгертуге құқылы. Заңнама­да қай кезде өзгертуге болатын­дығы да көрсетілген. Мәселен: өз аты, әкесінің аты немесе тегі ың­ғай­сыздық тудырса, айтылуы қиын болса, сондай-ақ мемле­кеттік тіркеу кезінде ерлі-зайып­ты ортақ тегі болуын қаласа өз­герте алады. Қайын жұртында тұ­руды оғашсынып, “күшік күйеу” атанудан қашатын қазақ қоғамы үшін бұл жат болғанымен, был­тыр елімізде 200-ге жуық ер адам зайыбының тегін алған.

Азаматтық хал актілерін тір­кеу органы былтырғы 1 шілдеден бастап “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорация­сы” коммерциялық емес акцио­нер­лік қоғамына қарайды. Ма­мандандырылған халыққа қыз­мет көрсету орталығы қызмет­кер­лерінің мәліметінше, осы ара­лықта облыста 3400-ге жуық неке тіркелген, ал жыл басынан 1775 жұп шаңырақ құрыпты. Некеге отырғандардың 354-інің жасы қы­рықтан асқан, 127-сі – 50-ден асса, 60-тан асқан 71 жұп некеле­рін заңдастырған.

Азаматтық хал актілерін тір­кеу органдарының мәліметінше, биыл шаңырақ көтерген ең ере­сек күйеу жігіттің жасы 63-те бол­са, оның қалыңдығы 60-қа тол­ған. Неке Ақжар ауданында тір­келді.

Ұлттық статистика бюросы­ның мәліметінше, жалпы еліміз­де былтыр 121 мыңға жуық неке тір­келген. Бұл 2022 жылдан ша­мамен 8 мыңға кем. Үйлену көр­сеткіші жөнінен Алма­ты қаласы бірінші орында тұр (13074). Одан кейін (10392) Аста­на қаласы және Алматы облысы келеді (10087).

Ажырасулар бойынша, Ал­маты қаласы көш бастап тұр. Был­тыр оңтүстік астанада 4761 жұп­тың шаңырағы шайқалған, Қара­ғанды облысында – 3475, Астана қаласында 3389 жұп ажырасып кеткен. Біздің өңірде былтыр 1472 ерлі-зайыпты ажырасуға өтініш бе­ріпті.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp