«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Еріктілердің көмегі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық төтенше жағдай­лар департаментінің өрт сөнді­ру қызметі 5 миллион теңгеге жуық қаражатқа жиһаз сатып алмақ болған. Бұл туралы “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік” жобасына қаты­сушылар жүргізген мониторинг барысында белгілі болды.

Былтырдан бері еріктілер мемлекеттік сатып алу сала­сында 8 күмәнді деректі анық­таған. Нәтижесінде 83,4 млн. теңге бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына тосқауыл қойылды. Жалпы облыста 125 адам ерікті ретінде жұмыс істеуге ниет білдірген. Олар бір жылда мыңға жуық адамға тегін құқықтық көмек көрсетті. Ерік­тілер құрылыс және жол салу сапасын қадағалау саласында да жұмыс істеп жүр. Аудан, қа­ла, республикалық маңызы бар 20-дан астам жол учаскесіне мониторинг жүргізілді.

– Тиісті мамандардың кө­мегімен мемлекеттік тапсырыс бойынша салынып жатқан ны­сандардың құрылысын, жол сапасын тексереміз. Олқылық анықталса, тапсырыс берушіге нұсқау жолдаймыз. Көбіне ны­сандардың паспорты болмай жатады, жаңадан салынған жолдардың сапасы сын кө­термейді. Осының барлығы қа­лыпқа келтірілгенше жұмысты қадағалаймыз, – дейді ерікті Ерлан Әбілкәрімов.

Эльмира КӘЛЕНОВА,

журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp