«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жанашырлықтың белгісі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте сөйлеген сөзінде соңғы кездегі жаhандық үрдістерді ескеріп, ұзақ мерзімге арналған “Қазақстан – 2050” стратегиялық бағдар­ламасын жаңартуды тапсырды. Ондағы мақсат – әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси даму жолындағы негізгі басымдықтар мен орта мерзімдік міндеттерді белгілеу. Бүгінгідей ерекше тарихи кезеңде ғылым мен технологияға арқа сүйей отырып, өзгеше басымдықтарға ие болуымыз керек.

Мемлекет басшысы “Мұн­дай кезде батыл әрі жылдам әрекет жасау қажет. Арқаны кеңге салып отыруға уақыт жоқ. Жүктелген міндеттерді орын­дау үшін дереу іске кірісу керек. Әйтпесе салдары ауыр бола­ды. Реформалардың нәтижесін әрбір азамат нақты сезінуі қажет. Алдағы жұмыстың басты өлшемі – осы”, – деп айрықша атап көрсетті. Бұл талаптар ауыл шаруашылығы құры­лымдарының басшыларына да күнделікті мәселелерді шұғыл шешумен ғана шектелмей, кәсіпкерлікпен алаңсыз айна­лысуға және де халықтың та­бысын көбейтіп, тұрмысын жақсартуға игі ықпал жасары сөзсіз. Күнделікті жұмыс тәжі­рибесінен көкейге түйгеніміз көп. 2004 жылы құ­рылған “Ер-Агро” ЖШС Архан­гельск және Петерфельд ауыл­дық округтері бойынша 37 тұрғынды жұмыс­пен қамтып, мал шаруашылығы мен егін­шілік бағытында жетіс­тіктерге жетіп келеді. Маусым­дық жұ­мыстарға қосымша 20-ға дейін адам тартылады. Былтыр 7779 гектар алқапқа өсірілген астық бітік шықты. Соңғы бес жылда гектар берекелігі 22,5 центнер­ден айналды. 390 пайшыға жыл аяғында үлестері таратылды. Бір пай 100 мың теңгеден, ал орташа жа­лақы 187500 теңгеден айнал­ды. Бұ­дан бөлек, жарты мыңға жуық ірі қара бағылады.

Қазіргі таңда стратегиялық нысандар ұғымын айқындау тәсілін қайта қарау өте өзекті. Оның мәні жаңа өндіріс және жұмыс орындарын ашумен, коммуналдық инфрақұрылым­дарды жаңғыртумен, жаңа қуат көздерін іске қосумен, жұмыс­шы­лардың жалақысын көтеру­мен бағаланады. Әсіресе, ауыл­дықтардың тұрмыс сапа­сы, оның ішінде мобиьлді бай­ланыс және интернет қолже­тімділігі сапалы болуы тиіс. Қасым-Жомарт Ке­мелұлының “елге қаптаған статистика емес, нақты нәтиже керек”, деген талабы өте орын­ды. Халықтың қамы және ел мүддесін ой­лаудан туған қам­қор­лық екенін жақсы түсінеміз. Күнделікті қызметімізде тұр­ғындардың мұң-мұқтаждарын тыңдап, әр­кез назар аударып отырамыз. Жедел шешудің жол­дары мұ­қият қарастырылады. Архан­гельск, Кондратовка, Бо­ров­ское ауылдарын көгалдан­дыру, жолдарын тазалап отыру серік­тестіктің міндетінде. Бұл жа­ғынан ешқандай іркіліс жоқ. Тұрмысы төмен төрт отбасы қамқорлыққа алынған. Округ орталығындағы білім ошағын жөндеуге қаржы жүйелі түрде бөлінеді. Оушылар бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. Түрлі жарыстарға қатысатын балаларға спорттық киімдер сатып әперіледі. Боровскоеде қатты қалдық заттарды сақтай­тын орын қалпына келтірілді. Архангельскіде намазхананың бой көтеруіне, Ұлы отан соғысы ардагерлеріне арналған ес­керт­кішті жөндеуге қаржылық қолдау көрсетілді.

Агроөнеркәсіп саласында белгіленген экономикалық ре­формаларды тиімді жүзеге асы­рудың жолдары аз емес. Соның бірі – ауқымды бағдарлама­лардың жағдайды түбегейлі өз­гертетінін терең жауапкершілік­пен сезіну. Осы бағыттағы іс-әрекеттер мен шешімдер бір-бірімен үйлесіп жатса, алдағы даму бағдарымызға тікелей әсер етері даусыз. Мұны нарық талабы десе де болады. Мем­лекет тарапынан көрсетілетін қаржылық жеңілдіктерді пайда­лы жобаларға арнайтын бол­сақ, орта және шағын биз­нестің өркендеуіне жол ашы­лары, сөйтіп табыстың еселене түсері күмәнсіз. Соңғы бес жылда ішкі өндірісті ұлғайтуға 1 млрд. теңгеден астам ин­вестиция құйылды. 300 млн. теңгеге ша­ғын элеватор салын­ды. Астық сақтау қоймасының сыйым­дылығы 13 мың тоннаға жуық. 84 млн. 362 мың теңге жеңіл­дікті субсидия рәсімделіп, 28 млн. 416 мың теңге мөл­шерінде салық төленді. Ма­шина-трактор паркінде әртүрлі маркалы 70-ке тарта техника бар. Астық ору науқанына жан-жақты әзір­лікпен кірісіп, ұйым­шылдықпен өткізу жол­дары қарастырыл­ған.

Маңызды мәселенің бірі – импортқа тәуелділікті барынша азайтуға мүмкіндік беретін жергілікті үлесі жоғары ауыл шаруашылығы өндіріс кешенін құру. Бұған жер жағдайы неме­се ауа райы емес, инновация­лық амал-тәсілдерді қолдан­ғанда ғана үстемдікке ие бола­рымыз анық.

Анатолий ШУШАМОИН,

“Ер Агро” ЖШС директоры.

Қызылжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp