«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жасанды интеллект арқылы ақша табу

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында “TECH­­NO WOMEN” үкіметтік емес ұйы­мы “Жасанды интел­лект арқы­лы қалай ақша та­буға болады?” деген тақы­рыпта тренинг өт­кізді. Іс-шараның мақсаты – тех­ноло­гиялық салаларда жұмыс іс­тейтін нәзік жандардың санын арттыру.

“TECHNO WOMEN” қауымдас­ты­ғы осыдан 2 жыл бұрын ашыл­ған. Содан бері 14 жоба ұйым­дас­ты­рып, көптеген қыз-келіншек­тердің же­тістікке жетуіне көмегін ти­гізген.

– Дүниежүзі елдері жасанды ин­теллектінің игілігін көруде. Үздік жо­балар еліміздің әр қаласында жүзе­ге асса дейміз. Мен бұған дейін Ақ­тау, Семей, Өскемен қалаларында болдым. Қыз-келіншектерді IT сала­сына тартудың, жаңа трендтер­мен таныстырудың маңызы зор, – деді “TECHNO WOMEN” КЕҰ мү­шесі За­рина Құтпанова.

Бұл тренингке облыстан 100-ге жуық қыз-келіншек жи­налып, ма­мандардың ұсыныстары мен ке­ңестерін тыңдады.

– Біз мұнда шеберлік сабақ­та­рын өткіземіз. Сабақтарымыз жа­санды интеллект, дрондарды, элек­трондық коммерцияны қолдану мен IT стартаптарды дамыту бойынша өткізіледі. Алдағы күзде цифрлық киберқауіпсіздік негіздерін үйрету бойынша жаттықтырушыларға онлайн тренинг өткіземіз, – дей­ді “TECHNO WOMEN” КЕҰ басқарма төрайымы Азиза Шөжеева.

Ерлан ЖҰМАХАН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp