«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сегізінші сатыда

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Футболдан ел біріншілі­гінің кезекті ойынын “Қызыл­жар” клубы Се­мей­де “Елі­май” командасына қар­сы өт­кізді. Бұл кездесуде ала­ң ие­лері бір гол басымды­ғымен жеңіске жетті.

Ойын басталысымен жерлес­теріміз ширақ қимылдады. Ал­ғаш­қы гол матчтың бірінші таймы аяқталар тұста – 44-ші ми­нутта соғылды. Нәтижелі соққы­ның ав­торы – Лука Имнадзе.

Кездесудің екінші бөлімінде алаң иелері таразы басын теңес­тірді, гол соққан Иван Свиридов. Кейін Роман Мұртазаев көзге тү­сіп, жеңісті “Елімай” командасы­на сыйлады.

18-ші турдың қорытындысы бойынша көш басында алматы­лық “Қайрат” клубы тұрса, жерлестеріміз 19 ұпаймен турнирлік кестеде 8-ші сатыға сырғыды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp