«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАРИФ САЯСАТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРУІ ТИІС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Әділетті Қазақстанның жаңа экономикалық бағдары” Жолдауында тариф саясатын түбегейлі қарап, жаңа әдістемесіне көшу, инвесторлардың қызығушылығын арттыру, соған сәйкес табиғи монополия субьектілерінің бәріне 5-7 жылға дейін көңілге қонымды нарықтық тариф енгізу міндеті қойылды. Президент баға тұрақты болса, инвестицияны нақты жоспарлауға болатынын, қаржы ұйымдары кәсіпорындарға нық сеніммен несие бере алатынын атап өтті. Сонымен қатар монополистердің жауапкершілігі артатынын, бұл салаға цифрлық бақылау тәсілдерін енгізу қажеттігін, осы арқылы азаматтарымыз тарифтік смета және инвестициялық бағдарламалар туралы нақты ақпаратқа қол жеткізетінін қадап айтты.

Шынында да, энергетиканы тиімді пайдалануға және басқа да ресурстарды үнемдеуге қа­тысты нақты нормативтік талап­тарды біртіндеп жүзеге асыру өте өзекті. Өйткені күнделікті тұр­мыста электр қуаты, жылу және суға сұраныс артып келе жатқан­дықтан, барынша үнемді жұмсау тұтас экономикаға әсер етері анық. Келешекте, яғни 2029 жыл­ға таман энергияны тұтынуға жә­не энергия шығынына қатыс­ты негізгі көрсеткіштерді кемінде 15 пайызға дейін азайту мүмкін­дік­терін қарастыру Үкіметке жүк­тел­ді. Халықаралық сарапшылар мә­лімдегендей жалпы әлемдегі күр­делі қаржы салымдарының үштен біріне жуығы энергетика жобаларына бағытталатын көрі­не­ді. Осы себепті “жасыл эконо­миканы” дамыту мәселесі күн тәртібіне өткір қойылып отыр. Оның түпкі мәні таза энергети­каға көшу болып табылады. Елі­мізде бұл бағытта атқарылып жат­қан шаралар аз емес. Жаңа Экологиялық кодекс және көмір­тегі бейтараптығына қол жеткі­зудің 2060 жылға дейінгі стра­тегиясы қабылданды. Соңғы 5 жылда жаңартылатын энерге­ти­ка­ның өндірілетін қуаттың жалпы көлеміндегі үлесі 5 пайызға өсті. Алдағы 3 жыл ішінде 1,4 гигават­тық қуат көздері іске қосылса, энергетикалық теңгерімнің құры­лымы түбегейлі өзгеріп, қуат көз­дерін өндіруден бастап, оны та­ратуға дейінгі үрдіс жаңаша си­пат алары сөзсіз. Мемлекет бас­шысы алдымызға басты мақсат етіп қойған теңгерімді қуат көз­деріне, энергияны шоғырлан­ды­ру жүйелеріне басымдық беру үдерісінің бір мысалын монопо­лиялы нарықтарда “Тарифті ин­вес­тицияға айырбастау” атты жаңа тариф саясатына көшуден байқауға болады. Бұл жаңалық­тың ерекшелігі, тариф инфра­құ­ры­лымға қаржы салғаны және ашықтықты қамтамасыз етудің мемлекеттік мониторинг жүйе­сі­не қатысқаны үшін беріледі. Сон­да меншік иесі инвестиция­ның айтарлықтай бөлігін тарифтің емес, өз қаржысының есебінен салуға мүдделі. Ынталандыру шараларының біріне шығыстың бір бөлігін тарифтік сметаның аясында қайта бөлуге және та­быстың белгілі бір бөлігін сақтап қалуға еркіндік туатынын айтар едік. Тарифтерді тоғыспалы суб­сидиялаудан, яғни бір тұтыну­шы­лар үшін бағаны ұстап тұру мақ­сатымен басқалар үшін бағаны көтеру тәсілінен бас тарту ерік­ті түрде жүргізілетін болады.

Департамент өз қызметін “Табиғи монополиялар туралы” Заң шеңберінде тұтынушылар мен табиғи монополиялар субьек­тілері мүдделерінің теңге­ріміне қол жеткізу, табиғи моно­полиялар салаларындағы қыз­метті мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздерін айқындау, рет­теліп көрсетілетін қызметтердің тұтынушылар үшін қолжетімділі­гін қамтамасыз ету, олардың мүд­делерін қорғау, мемлекеттік рет­теу рәсімдерінің жариялылығы мен ашықтығын, реттеліп көрсе­ті­летін қызметтердің сапасын арт­тыруды және оларға сұра­нысты қанағаттандыруды ынта­ландыру талаптарымен үйлес­тіріп отырады. Мекеме 65 ретте­ліп көрсетілетін қызмет бойынша 53 табиғи монополия субьектісі­нің қызметін реттейді. Оның ішін­де 33-і – су және сарқынды су, 2-і – электр энергетикасы, 20-ы – жылумен жабдықтау,10-ы кір­ме жолдар саласына тиесілі. Тек былтырдың өзінде ғана 34 сот процесіне қатысып, тарифті белгілеу қағидаларын өрескел бұзған, ақыны негізсіз кө­терген, инвестициялық бағдар­ла­малар­дың орындалуын ке­ше­уіл­дет­кен, басқа да заңсыз­дық­тар бойынша айыппұл, басқадай жаза қолданылды. Биыл жыл ба­сы­нан бері мемлекеттік бақылау және реттеу бағытында 47 арыз-шағымның түсуі келең­сіз­діктердің әлі де көптігін ай­ғақ­тайды. Тексерулер бары­сын­да сумен жабдықтайтын “Қамқор 2023” ЖШС-ның түрлі бұрмалау­шы­лыққа жол бергені белгілі бо­лып, 516880 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Тал­дау жүргізу кезінде Тимирязев ауданы Тимирязев ауылында жо­ғары тариф негізінде суға ақы алу фактісі әшкереленді. Атап айтқанда, 2021 жылдың қыр­күйегі мен 2022 жылдың тамызы аралығында уақытша өтемдік та­рифті қолдану кезеңінде тұр­ғындарды сумен жабдықтау қыз­меті үшін бір текше метрге 59,79 теңгенің орнына 88,45 теңге (32 пайыз артық) төленіп кел­ген. Асыра сілтеу бизнес субьектіле­ріне, бюджеттік ұйым­дарға, бас­қа тұтынушыларға да қолданыл­ған. Сөйтіп, моно­по­лист ұйым заң­сыз әрекет арқы­лы 5,8 млн. теңге пайда тапқан. Қадағалау органының актісі негі­зінде уақыт­ша өтемдік тариф мөл­шері тө­мендетіліп, айыппұл түрінде әкім­шілік жазаға тартыл­ды. Мам­лют аудандық комму­нал­дық кәсіпорны да 2019 жыл­дан бері су бағасын жөнсіз қым­баттатқан. Тұтынылатын бір тек­ше метр суды 1318 теңгеге ба­ғалап, бюджеттік мекемелерге ба­ғаны әлдеқайда асырып жі­берген. Оның мөлшері екі есеге дейін, тұрғындар үшін 190 теңге­ден 99,24 теңгеге дейін кемітілді.

Табиғи монополиялар тура­лы заңнамаға қайшы келетін және басқа жеке немесе заңды тұлғаға, оның ішінде тарифті кө­теру, реттеліп көрсетілетін қыз­метті ұсынуға шарт жасасудан жә­не орындаудан негізсіз бас тар­ту арқылы залал келтірген әрекеттер табиғи монополия субьектісінің залалдарды өтеуі­не соқтыратын мысалдар аз емес. Уәкілетті органның, сон­дай-ақ оның лауазымды адамда­рының құқыққа сыйымсыз ше­шімдерімен, әрекеттерімен та­биғи монополия субьектісіне за­лал келтірілген жағдайда, ол бұл шығындардың өтелуін талап ету­ге құқылы. Тарифтік реттеудің шығындық әдісі экономикалық негізделген және пайданы ай­қын­дау жолымен бес, одан да көп жылға бекітіліп, тарифте есепке алынған шығындардың түрлері мен мөлшерлерін шек­теу, шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техника­лық және технологиялық норма­ларын, нормативтік техникалық ысыраптарды бекіту, тозуды есепке алудың тікелей әдісіне жүгіну, активтердің баланстық немесе қайта бағаланған құнын есептеу міндеттелгенімен, өкі­нішке қарай, смета шығындары­ның кей баптары орындала бер­мейді. Көп жағдайда даму ба­сым­дықтары және әлеуметтік-эко­номикалық көрсеткіштері не­гізінде әзірленетін инвести­ция­лық бағдарламаларды іске асы­ру бұрмаланып жатады. Оның қолданыстағы активтерді кеңей­тудегі, жаңғыртудағы, жаңартуда­ғы, жаңа активтер түзудегі, энергия тиімділігін арттырудағы әлеуетіне жете көңіл бөлудің орнына пайда, табыс қуушылық жетегінде кетеді. Табиғи монопо­лиялар субьектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу үдерісінде және тарифті қалыптастыру тәр­тібінде тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалардың қаты­суымен өтетін есеп берулердегі қолжетімділік пен ашықтық жа­рия тыңдаумен ерек­шеленеді. Жуырда департа­ментте жылу энергиясының та­рифін өзгертуге байланысты қо­ғамдық тыңдау өтті. Энерге­тик­тер тарифтің тұр­ғындар үшін 11, ал бюджеттік ұйымдар үшін 3 па­йызға не үшін көтерілетінін тү­сін­діруге тырыс­ты. Былтыр қызмет құнының өсуі 4 па­йызды құраған. Қоғамдық тыңдаудың басты мақсаты тұ­тыну­шылардың құқықтарын қор­ғау болғандықтан, нақты қоры­тынды шығару тамыз айының аяғына қалдырылды. Иә, құрал-жабдықтар мен қондырғылар­дың тозуы Петропавл № 2 ЖЭО-да – 57, жылу жүйесінде 77,5 пайызға жеткені белгілі. Бірақ соны желеу етіп, көрсетілетін қызмет құнын әлсін-әлсін көтеру әділеттілікке жата қоймайды. Жыл басынан бері сотта қарал­ған 6 әкімшілік істің бірі “Сев­казэнерго” ЖШС-ға қатысты. Компания департа­мент­ке жол­даған қатынас хатын­да баға та­рифін 7,8 пайызға кө­бейтуді көмірдің қымбаттауымен бай­ланыстырған. Ұсыныс қана­ғат­тандырылмады, оның ақыры Жоғарғы сотқа дейін кассаци­циялық шағым түсіруге негіз бол­ды. Өз ұстанымымызды ақыры­на дейін абыроймен қорғап шы­ғуы­мызға тура келді. 2021 жыл­дан бері өңірде тарифті өзгерту бо­йынша 80 өтініш түсіп, 50-уі қанағаттандырылған жоқ. 2022-2023 жылдары 17 монополист ком­панияның 230 млн. теңге та­бысты негізсіз алғаны анықтал­ды. Тарифті 15 пайызға өсіру жө­ніндегі ұсыныс қабылданбады, 8 пайызға дейін ғана көбейтілді. Облыстық прокуратурамен бір­лескен тексеріс нәтижесінде “Сев­казэнерго” кәсіпорнының ин­вестициялық бағдарламаны 987 млн. теңгеге кем орындағаны тіркелді. Осы әрекетсіздігі үшін 5 млн. теңге айыппұл салынды. Осылайша монополистердің ау­қымды жобаларды тұтынушы­лар төлемі есебінен жүзеге асырмақ пиғылдарына қатаң тос­қауыл қойылып отыр. 2023-2024 жылдары жылуға – 6,2 млрд., жарыққа – 4,5 млрд., су­мен жабдықтауға 2,3 млрд., бұ­дан бөлек, жергілікті қазына­дан 7,5 млрд. теңге көлемінде қо­сымша инвестициялық қара­жат қарас­ты­рылған. Осынша мол қар­жы материалдық-техникалық база­ны амортизациялық жаң­ғыр­туға мақсатты түрде жұм­сал­са, көп шаруаның басы қайыры­лар еді.

Негізсіз баға өсіміне жол бер­меу, қос тарапты қанағаттанды­ратын шешім қабылдау басты міндетіміз болып қала береді.

Дамир ТОҚТАМЫСОВ,

облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp