«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қанағат пен рақымды ұмыттық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мейірімді бол, қайырымды­лық жаса деген сөздер біздің қол­да­ны­сымыздан түсіп қалған сияқ­ты. Ата – немересіне, әке – бала­сына ақша табудың жолын ғана үй­ретіп жат­қан тәрізді. Абай атамыз айт­қан қа­на­ғат пен рақымды ұмыт­тық. Байл­ық­қа сонша құны­ғып, мил­лионер, мил­лиардер ата­нуға асықтық. Айна­ла­ңа көмекте­су, елің­­нің ертеңіне қол­ғабыс болу де­ген сияқты адам­дық­тың ақ жо­лы­нан бұлта­рып кет­тік. Қа­зақтың осын­дай мә­селе­сін шешетін мар­қасқа аза­маттар қай­да? Сол аза­маттары­мыздың Отан, ана, ел, жар алдын­дағы борышы қайда? Абай­ды оқыттық де­генмен, оның асыл сөздерін түсін­бейтін қазақ­тар бар. Осындай қо­ғамда өлеңге де­ген орын өте аз­ғантай ғана қал­ды. Қа­зір әр бұта­ның түбінде шы­рыл­дап қалған боз­торғай сияқты са­наулы ғана ақын мен оған құлақ асатын са­наулы ғана оқырман бар. Кітап – тәр­бие мен сананың бас­тауы. Оқы­маған адам­ның топасты­ғы мен се­зіксіздігі бетінде тұрады. Сон­дай­лардың басшы орында оты­руы – ел­дің соры.

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА,

ақын.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp