«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дайындықтың соңғы кезеңі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

V Дүниежүзілік көшпенді­лер ойындарының басталуына екі аптадай уақыт қалды. Қазір осы ауқымды шарада жұмыс істейтін еріктілерді оқытудың соңғы кезеңі басталды.

Бүгінде волонтерлер жа­рыс­тар өтетін нысандармен та­нысып, толық ақпаратпен қам­тылуда. Көшпенділер ойында­ры­на еріктілерді іріктеу жыл басында басталған. Қазір 1300 жас таңдалып алынған. Олар­ға қойылған басты талап – үш тілді білу. Бұрын ерікті болған жастарды таңдауға басымдық берілмек. Ұйымдастырушы­лардың айтуынша, шет мемле­кеттерден де келетін волон­терлер бар. Барлығы да тегін тамақпен қамтылып, қонақ­үй­лерге жайғастырылады.

– Олар алты бағыт бойын­ша жұ­мыс істейді. Жалпы 1300 ерік­тінің 500-і координатор, 100-і тимлидер болады. Қыр­ғыз­стан, Өзбекстан, Франция, АҚШ-тан 20 ерікті келеді, – дей­ді V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өт­кізу дирекциясы бөлімінің бас­шысы Бағдәулет Жанділдаев.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp