«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Желаяқтар жарысы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда Конституция күніне орай “Қызылжар – 2024” жартылай марафоны өтті. Биылғы спорттық шараға Көк­шетау, Щучинск қалаларынан және облысы­мыздан 300-ден астам азамат қатысты.

Пестрое көлінің жағалауы­нан бастау алған жартылай ма­рафон қатысушыларына жас ерекшеліктеріне қарай 5, 10 және 21 шақырым қашықтықты бағындыру талабы қойылды.

15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы­лар 5 шақырымға жүгірді. Бұл санатта петропавлдық Яро­слав Костылев мәре сызығын 18 минут 37 секундта өтіп, бі­рінші орынды қанжығасына байлады. Ал 18-29 жастағы­лар қатарында тағы бір облыс орталығының тұрғыны Нари­ман Ташимов жеңімпаз атан­ды. 30 жастан асқандардың ішінде Александр Любимов же­ңіс тұғырына көтерілді.

40-49 жас сана­тында мәреге Самат Есполов бірінші болып келді. Қызу тар­тыс 50-ден асқандар арасын­да өтті. Бұл топта Ма­рат Берденбеков жеңіске жет­ті. 60 жастағылар қатарынан Олег Сысолятин же­ңімпаз атанды.

Жартылай марафонда 15-17 жастағы қыздар арасында Аққайың ауданының спортшы­сы Милана Шведова бірінші болып келсе, 18-29 жастағы­лар санатында петропавлдық Алина Левченкова жеңімпаз атанды. 30-39 жас аралығын­дағы әйелдер қатарынан Щу­чинск қаласынан келген Иза­белла Метлицкая жеңіске жет­ті. 40-49 жас аралығындағы­лар­да Татьяна Кучеренко мәре сызы­ғын бірінші болып кесті. 59-дан асқандарда Ан­тонина Шершневаны ешкім қуып жете алмады.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp