Футболдан ел біріншілігінің кезекті ойынын “Қызылжар” клубы Семейде “Елімай” командасына қарсы өткізді. Бұл кездесуде алаң иелері бір гол басымдығымен жеңіске жетті.
Ойын басталысымен жерлестеріміз ширақ қимылдады. Алғашқы гол матчтың бірінші таймы аяқталар тұста – 44-ші минутта соғылды. Нәтижелі соққының авторы – Лука Имнадзе.
Кездесудің екінші бөлімінде алаң иелері таразы басын теңестірді, гол соққан Иван Свиридов. Кейін Роман Мұртазаев көзге түсіп, жеңісті “Елімай” командасына сыйлады.
18-ші турдың қорытындысы бойынша көш басында алматылық “Қайрат” клубы тұрса, жерлестеріміз 19 ұпаймен турнирлік кестеде 8-ші сатыға сырғыды.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.