«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАБЫСТЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ ДӘЛЕЛІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қытай көшбасшысы Си Цзиньпиннің Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстан-Қытай ауыл шаруашылығы ғы­лымы мен білім беру орталығын ашу туралы тарихи келісімге қол қойылған еді. Аталған ғылыми орталықты С.Сейфуллин атын­дағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті мен М.Қо­зыбаев атындағы Солтүстік Қа­зақстан университеті, Шәкәрім университеті мен аспан асты елі­нің Солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы универ­си­теті бірлесіп құрған.

Орталық – агроөнеркәсіптік кешен үшін озық агротехноло­гия­лар трансфері және жоғары білікті кадрлар даярлау үшін бірегей тұғырнама болып отыр. М.Қозыбаев атындағы СҚУ мен Солтүстік-батыс ауыл және ор­ман шаруашылығы университе­ті арасындағы ынтымақтастық – табысты әріптестіктің дәлелі. Осы серіктестік аясында өсімдік және мал шаруашылығы бойын­ша ғылыми жобалар іске асыры­луда. “Қызылжар сүт” ЖШС мен “Мәмбетов және К” КТ сияқты алдыңғы қатарлы кәсіп­орындардың базасында жем са­пасын жақсарту, ауыл шаруа­шылығы жануарларының өнім­ділігі мен өсімін молайту бойынша зерттеулер жүргізілетін де­монстрациялық парктер ашы­лды.

Сонымен қатар М.Қозыбаев атындағы СҚУ-ға академиялық ұтқырлық аясында Солтүстік-батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы универси­тетінен (Янлин қаласы) 12 бака­лавр және 10 магистрант келді. Олар үш ай ішінде облыстағы жетекші мал шаруашылығы кә­сіпорындарында практикалық дағдыларды игеріп, бейіндік пәндер бойынша теориялық бі­лім алмақ.

Екі университет арасындағы ынтымақтастықтың артықшы­лығы – агроөнеркәсіптік кешен­нің дамуына тікелей әсер ететін білім мен технологиялардың алмасуы. Біздің студенттер баға жетпес халықаралық тәжірибеге ие болады, біліктілігін артты­рады және Қытайда қолданыла­тын озық технологиялар мен әдістер туралы біледі.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp