«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мәртебесі биік

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасының Конституция күні – еліміз үшін де, халқымыз үшін де айтулы мере­ке. Егемендіктің кепілі ретінде бір­лігі­міз­ді нығайтып, тұрақтылық пен ке­лісімнің өзегіне, жасампаз­дықтың символына айналған Ата За­ңымыздың маңызы жоғары, мәрте­бесі биік.

Конституция – елдің ең қым­бат қазынасы. Ата Заңымызда адам және адамның өмірі, құқық­тары мен бостандықтарына ке­піл­дік бе­рілген. Осы құнды құжат­тың арқа­сында ішкі, сыртқы саясатымыз айқындалады. Сон­дай-ақ Қазақ­стан көпэтносты ел болғандықтан, сол түрлі ұлыс өкіл­дерінің ынты­мақты өмір сү­руіне, әрқайсысы­ның мәдениетін, тілін, дәстүрін да­мытуға, қазақ халқының жанына топтасты­ру­ға негіз қалаған құжат.

Елдің саяси-экономикалық да­муына бірден-бір серпін берген Конституцияның мемлекет тарихы мен оның дамуы, қалыптасуын­дағы алатын орны ерекше. Ата Заңымыздың арқасында хал­қы­мыз еркін өмір сүріп, еңбек етуде. Мен де тәуелсіз елдің аза­маты ретінде жұрт қатарлы еңбек етіп, Отанымның гүлденуіне өз үле­­сімді қосудамын. Аудандық ішкі сая­сат, мәдениет және тіл­дерді да­мыту бөліміне жетекшілік етіп, өзі­ме тиесілі жұмыстарды құ­қықтық негізде атқарудамын. Жалпы мем­ле­кеттік қызмет са­ла­сында еңбек өтілім – 19 жыл. Мен үшін бұл мере­кенің орны ерекше. Арай­лы азат­тықтың айнымас айғағы, жарқын болашағымыздың бұлжы­мас бағдары болған Ата Заңымыз мәңгі жасай берсін!

Әлия ҒАЗИЗҚЫЗЫ,

Ақжар аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp