«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жомарт жандар көмегі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жанындағы “Жо­март жан” орталығы “Мектепке жол” республикалық акциясына қатысты. Олар көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отба­сылардан шыққан оқушыларды қажетті құрал-жабдықтармен қамта­масыз етті.

Акция аясында су тасқы­нынан зардап шеккен тұрғындар­дың балалары да назардан тыс қал­мады. Салтанатты түрде 40 от­басыға кеңсе тауарлары мен мек­теп формасы табысталды. “Жомарт жан” орталығының тө­райымы Алла Писаренконың ай­туынша, оқу жылы қарсаңында­ғы мұндай көмек өте маңызды.

– “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” деген тәмсілді ұстана оты­рып, қаламыздағы жомарт жандардың демеушілігімен қажетті кеңсе тауарлары сатып алынды. Бүгіндері баланы мектепке дайындау үшін қыруар қаржы қажет. Біз мұны ескере отырып, барынша қолғабыс етуге ты­рысып бақтық. Енді оқушылар сабақты жақсы оқиты­нына сенімдіміз, – дейді Алла Писаренко.

Валентина КОРНЕВА,

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жанындағы журналистер клубының төрайымы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp