«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Кәрізге қоқыс тастаған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы Абай мен Нұр­сұлтан Назарбаев көшелерінің қиылысында кәріз коллекторы іс­тен шықты. Салдарынан бірнеше үйдің жертөлелеріне су кірді.

Оқиға орнына дереу “Қызыл­жар су” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің апаттық бригадасы жетті. Мамандар мәселенің мән-жайын анықтағанда кәріз құ­бырының істен шығуына тұрғын­дар тастаған қоқыс себеп болға­ны белгілі болды.

–Түнде құбыр сыр берді. Сал­дарынан жақын маңдағы үйлер­дің жертөлелеріне су кірді. Қа­ла­лықтар кәрізге қоқыс қал­дықтары мен шүберектерді тас­таған. Мамандар тазарту жұмыс­тарын жүргізді, – дейді “Қызыл­жар су” ЖШС бас инженері Андрей Фомиченко.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp