Петропавлдағы Абай мен Нұрсұлтан Назарбаев көшелерінің қиылысында кәріз коллекторы істен шықты. Салдарынан бірнеше үйдің жертөлелеріне су кірді.
Оқиға орнына дереу “Қызылжар су” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің апаттық бригадасы жетті. Мамандар мәселенің мән-жайын анықтағанда кәріз құбырының істен шығуына тұрғындар тастаған қоқыс себеп болғаны белгілі болды.
–Түнде құбыр сыр берді. Салдарынан жақын маңдағы үйлердің жертөлелеріне су кірді. Қалалықтар кәрізге қоқыс қалдықтары мен шүберектерді тастаған. Мамандар тазарту жұмыстарын жүргізді, – дейді “Қызылжар су” ЖШС бас инженері Андрей Фомиченко.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.