«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тасқын біраз мәселенің бетін ашты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық қоғамдық кеңес отырысында су тасқынынан зар­дап шеккендерге көмек көр­сету жайы талқыланды. Биылғы көк­темгі су тасқыны салдарынан қа­лада 2407 үй зардап шекті. Осы­ған орай облыс орталығында 7 эвакуа­циялық пункт ұйымдас­тырыл­ған болатын.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі комиссия тарапынан 42 отырыс өткізіліп, су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың 1807 өтініші қаралды.

“Qyzyliar Asar” корпоративтік қоры зардап шеккендерге 19506680229 теңгеге 1057 пәтер сатып алып, 926 отбасы баспаналы болды.

Сондай-ақ техникалық қоры­тындыға сәйкес, тұруға жарам­ды және жөндеуге келетін 25 тұрғын үйге қатысты өтініштер су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге арналған үйлерді салу және жөндеу жөніндегі комиссияға жіберілді. Зардап шеккендерге 100 АЕК мөл­шерінде біржолғы төлем түрін­дегі көмек 7 455 адамға көрсе­тілді. Сонымен қатар 2038 аза­матқа келтірілген материалдық залал үшін 150 АЕК көлемінде өтемақы төленді. Тұр­ғын үй мәртебесіне ие сая­жай құры­лыс­тарына көмек көр­сету мә­селесі де өз шешімін табуда. Уақытша (маусымдық) тұруға арналған құрылыстарда тұра­тын азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі комиссия 112 өтінішті қарап үлгерген.

Сонымен қатар облыс орта-лығында кеңес үкіметінің төл­құжатымен жүрген азамат та анық­талған. Ол биыл көк­темгі су тасқыны кезінде зардап шегіп, қалалық әкімдікте құрыл­ған арнайы комиссияға жүгін­ген.

– Басында комиссия мүше­ле­рі күнде жиналып, құжаттар­ды қабылдады. Қазір келушілер саны едәуір азайды. Негізінен құжаттары дұрыс емес азамат­тар жүгінеді немесе комиссия шешімімен келіспеген тұрғын­дардың арыздары қаралады. Кейбір үйлердің иесін табу қиынға соғып тұр. Комиссияда оты­рып біраз жәйттің беті ашылды. Қора-қопсыларын ре­сімдегендер де, үйлеріне құжат алмағандар да бар. Тіпті, бізге келген бір ер адамның кеңес одағының төлқұжатымен жүрге­ні анықталды. Яғни, ол жеке бас құжаттарын ауыстыр­маған. Тасқын біраз мәселенің бетін ашты, – дейді қоғамдық ке­ңес мүшесі Павел Афанасьев.

Жалпы су тасқыны кезінде зардап шеккен Петропавл қаласы мен Қызылжар ауда­нының тұрғындарына арнап “Солтүстік” ӘКК” АҚ қойма­сынан 120 тонна гуманитарлық көмек (арпа, қарақұмық) бө­лінген. Петропавл қаласының аумағындағы қоймалардан 800 тоннаға жуық гуманитарлық көмек берілген. Олар – азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, үй тоқыма бұйымдары, жылы киім мен аяқ киім, шаруашылық және ауыл шаруашылығы тауарлары, тұрмыстық техника, ас үй керек-жарақтары, бала­ларға қажет құрылғылар мен медициналық жабдықтар.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp