«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тыныштық күзетінде

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Азаматтардың конституция­лық құқықтарына кепілдік беру барлық мем­лекеттік институт­тардың басты мақсаты санала­ды. Сонымен қатар әркім Конс­ти­туцияны және заңдарды сақ­тауға, басқа адамдардың құқық­тарын, бостандықтарын, абы­ройы мен қадір-қасиетін құрмет­теуге мін­дет­ті. Қазақстан Рес­публикасын қор­ғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы екенін жадымыздан шығар­мауы­мыз керек. Полиция қызметі қа­зақстандықтардың өмірі мен мүлкіне қол сұғушылықтың алдын алудан бас­тап, қоғамның қауіпсіздігін толық қам­тамасыз етуге әркез тастүйін дайын. Қылмыстардың жолын кесу, ашу, ал­дын алу, қоғамдық орындарда құ­қықтық тәртіпті бақылау, ішкі демо­графияны реттеуге атсалы­су, тағы басқа мәселелер басты назарымыз­да. Осыған орай құқық­тық тәртіп сақшылары өз функцияларын жергілікті атқару­шы органдармен тығыз байла­ныс­та орындауды басты бағдар етеді. Демократиялық институт­тарды ны­ғайту, оларды қоғам­мен жақындасты­ру, халықпен се­німгерлік қарым-қаты­нас орнату, қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін нығайту жолындағы қадамдар да біз үшін өте ма­ңызды.

Президент халыққа арнаған Жол­дауларында қазіргі қазақ­стандық по­лицияға қойылатын негізгі талаптар­ды нақты айқындап берді. “Халық үні­не құлақ аса­тын мемлекет” тұжырымдамасы аясында билік пен қоғам арасын­дағы байланыс механизмдері же­тілдірілді. Жаңашылдыққа ба­ғыттал­ған “үш буынды модель” қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын қорғаудың ке­пілі ретінде орнықты. Оның бас­ты мәні – тергеу орындары, про­куратура және сот арасындағы өкі­леттіктердің ара-жігін нақты ажыратып беруінде. Енді тергеу орындары қыл­мысты ашып, дә­лелдемелер жинаса, прокурату­ра атқарылған жұмыстарға баға береді, қылмыстық істі сотқа жол­дау немесе қайта тергеу мә­селесін қарайды, сот сол дәлел­демелер не­гізінде үкім шығарады. Осылайша ішкі істер орган­дары мен жергілікті құрылымдар басы артық функциялардан ары­лып, құқық бұзушылықтың алдын алуда, болдырмауда қосымша өкілеттікке ие болды.

Ауданда полицияның сер­вистік желілері жұмыс істейді, олардың ау­қымы кеңейтіліп, қыл­мыспен күресудің тәжірибесі молайып келеді. 18289 тұрғыны, 11 ауылдық округі бар ауданда Қорған және Түмен облыста­рымен байланыстыратын шекара бекет­терінің бірі орналасқан. Ма­ңызды көлік логистикасы өтеді. Осы себепті жергілікті полиция қызметкерлері рес­публикалық, облыстық және аудан­дық маңы­зы бар автожолдарға, елді ме­кен­дердің көше-жол желісіне тұрақты негізде тексерулер жүр­гізеді, анықталған кемшіліктерді жою тура­лы нұсқамалар жібереді, инфрақұрылымды жетілдіру жө­нінде ұсыныстар енгізеді. Жыл басынан бері 93 тексеру жүргізіліп, анықталған кемшілік­терді жою жөнінде 16 хат жолданды. Жаңа оқу жылы қарса­ңында Дубровное, Михайловка, Новоми­хайловка, Леденево, Воскресеновка ауылдарындағы мек­тептердің жа­нындағы жол белгілері жаңартылды. Аудан ор­талығында 53 бейнекамера орнатылған. Олардың көмегімен жыл басынан бері 7 қылмыс ашылып, 750 құқық бұзушылық анықталды.

Данияр ҒАЛИАҚПАРОВ,

Мамлют аудандық ішкі істер бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp