«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шаңырақ шаттығы – татулық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізде неке мен отбасы, ана мен әке, бала мемлекеттің қорғауына алынған. Балалары­на қамқорлық жасау – және оларды тәрбиелеу ата-ананың міндеті. Көңілде­рі жарасып, өмірге бірге аттанған жас шаңырақ иелері үшін отба­сы құндылықтарын құрметтеп, көздің қарашығындай сақтаудың мүмкіндіктері заң нормаларында жан-жақты қарас­тырылған. 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданыс­тағы Азаматтық процес­стік ко­декстің 27-бабына өз­гертулер ен­гізілді. Ол бойынша кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылардың некесін бұзу туралы талап-арыз­дар кә­мелетке толмағандар­дың істері жөніндегі соттардың қа­рауына берілді. Аталған санатта­ғы істерді қарау тәртібі соттар­дың некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу тура­лы iстердi қараған кезде заңнаманы қолдануы Жоғарғы Соттың 2000 жылғы 28 сәуірдегі №5 нормативтік қаулысымен бе­кі­тілген. “Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” ко­декстің 22-бабының 2-тармағына сәй­кес, некені бұзатын ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ба­­лаларының құқықтары мен мүд­делері бірінші кезекте қор­ғала­ды. Атап айтқанда, сот олардың қайсысымен тұратыны туралы келі­сімге келген-келмегенін, ата-ана­ның баламен қарым-қатынас және балаларды күтіп-бағуға ар­налған қаражатты тө­леу тәртібі және оның мөлшері айқын­дал­ған-айқындалмағанын анықтауға міндетті. Бұл ретте алимент тө­леу туралы келісім кодекстің 22-тарауының талап­тарын сақтай отырып рәсімделеді. Егер ерлі-зайыптылардың арасында жоға­рыда аталған мәселелер бойын­ша келісім болмаса, сондай-ақ сотқа ұсы­нылған келісім бала­лар­дың мүдделерін бұзса, қай ата-анамен тұратыны, ата-ананың ба­ламен қарым-қатынас тәр­тібі, қай ата-анадан және қандай мөлшерде балаларды күтіп-бағуға алимент өндіріліп алынатындығы анықталады. Бұл жағдайда “Соттардың балаларды тәрбиелеуге байланысты дау­ларды шешу кезiнде заңнаманы қолдануы туралы” Жоғарғы Сот­тың 2018 жылғы 29 қарашадағы №15 нормативтік қаулысында белгіленген түсініктемелер негізге алынады. Ерлі-зайыптылардың арасында баланың тұрғы­лықты жері бойынша дау туында­са, бала 10 жасқа тол­маған болса, сот өз тарапынан міндетті түрде оның пікірін білу үшін психолог маман қатыстыра алады. Ал 10 жасқа толған ба­ланың пікірі психологтың қаты­сумен тыңдалады. Психолог­тың қорытындысы не баланың жауабы бойынша сот ата-анасының біреуімен қалды­руды шешеді.

Неке бұзу туралы азаматтық істі қарау барысында соттар али­мент өндіру туралы талапкердің талабы болмаса да, алиментті өн­діру туралы мәселені шешуге міндетті. Бұл орайда кодекстің 164-бабының 2-тармағына сәй­кес, алимент сотқа жүгінген кез­ден бастап тағайындалады. Сот, сонымен қатар балалары­нан бөлек тұратын ата-ананың балаларды тәрбиелеуге қаты­суға міндетті және олармен қа­рым-қа­тынас жасауға құқығы бар екенін, ал екінші ата-ананың бұған ке­дергі келтіруге құ­қығы жоқ екенін түсіндіреді, бұл туралы сот оты­рысының хатта­масында жазылады.

Аталған санаттағы істерді қа­раудағы өзекті мәселенің бірі – алимент өндіру.

Тәжірибеде тараптар тек не­кені бұзуды ғана талап етіп, алиментті өндіруге қарсы жайттар жиі кезігеді. Десек те, некені бұзу кезінде алиментті өндіру – соттың міндеті.

Ерлі зайыптылар арасында мүлікті бөлу барысында да дау-дамай аз ұшыраспайды. Қос та­рап өзара бітімгерлікке келмей, мүлік бөлуді сұрайтын болса, сот Азаматтық кодекстің 218-бабына сәйкес, мүлiктi жария сауда-саттық арқылы сату, одан түскен соманы ортақ меншiкке қатысу­шылар арасында олар­дың үлес­терiне мөлшерлес етіп бөлiп беру туралы шешiм қа­былдайды. Жариялы сауда-саттықта мүлік­тің бағасы арзандай түсетінін ес­керсек, ерлі-зайыптылардың та­туласуы, бі­тімгерлікке келуі әлде­қайда тиімді. Мұның бәрі кәме­лекетке толмаған баланың пси­хи­касы мен денсаулығына кері әсер етеді. Сондықтан соттардың басты мін­деті татуластыру екенін баса айтқымыз келеді.

Арай ӘБІЛМӘЖІНОВА,

облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp