«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЭС-ТЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ КӨП

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінде әлемде энергия тапшылығы күшейіп, үлкен алаңдаушылық туып отырғаны жасырын емес. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында атом электр стансасын (АЭС) салу жайы геосаяси мүдде тұрғысынан емес, елдің нақты қажеттілігі тұрғысынан қарастырылып отырғаны айтылып, сенімді және экологиялық таза қуат көздерін пайдалануға баса мән берілді. Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуы керек. Президенттің Жарлығымен АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдумды 6 қазанда өткізу белгіленді.

АЭС құрылысына қатысты түсіндірме-ақпараттық жұ­мыстың Петропавлдағы №4 мектепте ұйымдасты­рылып, жалпы тал­қылау барысында жеке көзқарас­тар мен нақ­ты ұсы­ныстар ортаға салынды. “Қазақ­стан ха­лық пар­тиясы” облыстық филиалы төра­ға­сының орын­басары Болат Қожах­метовтің пікі­рінше, қа­зіргі таңда да­мыған және даму­шы 30 мем­лекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұ­мыс істеп тұр.

Олардың бәрі бейбіт мақ­сатқа қолданылып, экономика­лық дамудың, әлеуметтік тұ­рақ­тылықтың, халықтың әл-ауқатын арттырудың, экологиялық ор­таның жақсаруының бірден-бір кепіліне айналып отыр. Маман­дар да соң­ғы жылдары электр қуатын тұ­тынудың күрт артып, бо­лашақта тапшылықтың кү­шейе түсетінін ес­кертумен ке­ле­ді. Ме­ніңше, тұйықтан шығу­дың жал­ғыз жолы – атом энерге­ти­касын қол­дану.

“AMANAT” партиясы “Бола­шақ” филиалының атқарушы хат­шысы Александр Зель өз сө­зінде Қазақстандағы энергети­ка­ның жетіспеушілігіне байла­ныс­ты мә­селені түбегейлі шешу үшін газ жобаларын қаржылан­дыруды 17 есеге ұлғайтып, 4,3 трлн. теңге мөлшерінде инвес­тиция бағыт­тау қажеттілігін алға тарта оты­рып, елімізде жы­лына өндіріле­тін 20 мың тонна­дан астам уранды барынша тиімді пайдалану­дың маңызды­лығына тоқталды.

“АЭС саласында қазақстан­дықтардың тәжірибесі аз емес. Салатын болсақ, энергетика тап­шылығы жойылады, жаңа жұ­мыс орындары ашылады, инфрақұ­рылым дамиды. Біз осындай қа­дамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәде­ниет­тің негізін қа­лаймыз. Ма­ңызды мемлекеттік ше­шімдер қабылдауының тың үлгісін жасаймыз”, – деді ол.

Алдағы референдум кең ау­қымды жалпыұлттық диалог­тың айқын көрінісі болатынына сенім білдірді.

№17 ұлттық өркендеу мек­теп-кешенінде де білім ошағы қыз­мет­керлерінің қатысуымен АЭС құрылысына қатысты жиын өтті. Қалалық қоғамдық ке­ңестің төра­ға­сы Владимир Коз­лов жи­нал­ған­дарға атом электр стан­cасы­ның құ­рылысына қа­тысты өз па­йым­дарын білдірді. Ай­туын­ша, одан келетін қауіп жоқ. Ең көп станса АҚШ-та ор­налас­қан, олар­дың саны – 94. Франция мен Қы­тайда – 56, Ре­сейде – 36. Ал­ғашқы АЭС 1954 жылы іске қо­сыл­ған. Со­дан бері адамның қа­телі­гінен бір, та­биғи апат сал­да­рынан екі тө­тенше оқиға тір­кел­ген.

“Қазіргі заманғы АЭС тұрғы­зуда табиғи және техногендік апат­тар мен сейсмикалық тө­зім­ділігі жан-жақты ескеріліп, бір­не­ше сынақтан өтеді. Жылу электр орталықтарында күл тон­налап шы­ғарылса, АЭС-та қал­дықтар қайта өңделеді. Яғни, ауаны лас­тау мүлдем азаяды де­ген сөз. Қа­зіргі кезде үлкен ғы­лыми орта­лық­тарды, зертхана­л­арды есеп­те­мегеннің өзінде, халықтың электр энергиясын пайдалануы ар­­тып келеді. Жылу электр стан­саларында энергия көмір немесе газ есебі­нен өндіріледі. Мұн­дай өндірісте шикізат ба­ғасы өте қымбат. Ал атом электр стан­сасы отын ретінде өте аз мөл­шерде уран қолданып, өте көп мөлшер­де энергия өндіреді”, – деді Вла­димир Козлов.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp