«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕГІНШІЛІККЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗДІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2040 жылдарға қарай Қазақстан­дағы су тапшы­лығы 12-15 млрд. текше метрге жете­ті­нін ескерсек, тығы­рықтан шығудың бірден-бір жолы – ир­ригация жүйесін кеңінен да­мы­ту болмақ. Президент халыққа арнаған Жол­дауында елі­міздегі өзекті мәселелердің бірі саналатын су ресурсына тағы да тоқ­талып, Үкімет пен әкімдерге жан-жақ­ты ойлас­тырылған су саясатын басты назарда ұстап, ир­ригация жүйелері және жалпы су шаруашылығы мәселе­лерімен мұқ­ият ай­на­лысуды тапсырды.

Мемлекет басшысы қарғын суды жинап, диқандардың қа­же­­тіне жарату үшін оны дұрыс сақ­тай білу қажеттігін атап көр­сетті. Жасыратыны жоқ, ауыл шаруа­шылығына тікелей қатыс­ты су үнемдеу технологиясын өңірде өндіріске енгізу өте баяу жүргі­зілуде. Шыны керек, оның азық-түлік қауіпсіздігіне әсері айтар­лықтай екенін жете сезіне ал­май отырмыз. Статистика бо­йынша, суды ең көп жұмсайтын ауыл ша­руашылығы саласында оның 40 пайыздайы босқа ысы­рап бола­ды екен. Біздің серіктестікке қа­расты 240 гектар картоп алқа­бы за­­манауи суару техникасы­мен жаб­дықталған. Құрылғы­ның ұзын­­ды­ғы бір шақырымға жуық. Бір суарғанда 1 мың тек­ше метр­дей су кетеді. Тіпті бір күнде 622 тон­на картоп жина­лып, рекорд­тық көр­сеткішке қол жеткізгеніміз бар. Бұдан бөлек, тамшылатып суа­ру әдісімен 33 гектар алқапқа сәбіз өсі­ріледі. Ең бастысы, суар­малы егіншілік жағ­дайын­да сапалы әрі мол өнім алудың, тір­шілік көзін үнемдеу­дің мүмкіндік­тері жеткі­лік­ті, екі еседей артық өнім береді, та­бысы да айтар­лықтай. Әрине, жер­­дің құ­на­рын, суа­ру жүйесін үйлесімді түрде рет­теп отыру оңай емес. Бұл рет­те ша­руашылықтың іргетасын қа­лап, облыста тамшылатып суа­ру тех­нологиясын тұңғыш енгіз­ген әкем­нен үйренгенім аз емес. Бұл әдіс теріскей өңір үшін өте қа­жет. Жыл өткен сайын климат өз­­ге­ріп, құрғақшылық орын алу­да. Ғы­лыми не­гіз­де­мелерге сүйе­не оты­рып, бі­лік­ті мамандар шоғырын қалып­тас­тырсақ, ұта­рымыз анық. Кей ша­руашылық­тар жаң­бырлатып суа­румен ғана шекте­ліп жүр. Біз там­шылатып суару­ды израил­ьдік әріп­­тестер­ден үй­рендік. 2010 жыл­­дан бергі бұл ба­ғыттағы шаралар өз жемі­сін бе­ріп келеді. Атап айтқанда, шығын әлдеқайда аз, су көп үнем­деледі, топырақ эрозия­сы азаяды, ты­ңайт­қыш қа­жетті мөл­шерде ғана беріледі.

Өнімдеріміз сыртқы нарықта үлкен сұранысқа ие. Бұл жүйе­нің тиімділігіне әбден көз жет­кеннен кейін картоп пен сәбіз ал­қаптары ұлғайтылды. Тұрғындарды тұ­рақ­­­ты жұмыспен қамта­масыз ету­ге, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін молынан өнді­ру­ге мүмкіндік беріп отырғанын баса айтқым келеді. Басты мақ­сатымыз – еңбеккерлерге қалып­ты әлеуметтік жағдай жасау. Осы үдеден көрініп келе жатқа­ны­мыз қалыпты құбылыс сана­лады.

Президенттің тікелей несие­леудің тиімділігі және тәжірибені банктерге тарату, жерді ұтым­ды пайдалану қажеттілігі жайлы ұсыныстары да қолдауға тұрар­лық.

Ауыл шаруашылығында әлеу­­меттік жауапты бизнес бар. Жақында ғана ауыл­дарды да­мы­­­тудың табысты тәжірибесі Қы­зыл­орда облы­сын­дағы рес­пуб­ли­­калық семи­нар-кеңесте тал­қы­­­ланып, өз үлестерін қос­қан бір­қатар фермер марапатталды. Мін­­дет – мұндай тәжірибені на­си­­хат­тау және ке­ңейту.

Сергей ЗВОЛЬСКИЙ,

“Астық-СТЕМ” ЖШС-ның директоры.

Тайынша ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp