«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Заңсыз сауда

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық ұйымдасқан қыл­мысқа қарсы күрес бас­қар­ма­сының қызметкерлері мақсат­ты жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заң­сыз вейп са­тумен айна­лыс­қан күдікті­лерді анық­тады. Петропавл қаласының Мағжан Жұмабаев көшесіндегі үйдің ау­ласында 24 жастағы қа­ла тұр­ғыны мен Қызылжар ау­да­нының 26 жастағы тұрғы­ны ұс­талды. Қала тұрғынына тие­сі­­лі “Mazda” автокөлігінен 26 вейп тәркіленді. Поли­цейлердің ай­туынша, жас­тар бұл өнім­дерді “Telegram” ар­қылы сатқан.

Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 18 жастағы Пет­ро­павл тұр­ғыны Пушкин көше­сіндегі үй­лер­дің ауласында ұс­талды. Поли­ция қызметкерлері көлік­тің жүк салғы­шынан 154 вейп тәркіледі.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp