«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Кәсіп түбі – нәсіп

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірдегі қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде 100 жазасын өтеуші жұмысшы мамандықтарын меңгермек. Биыл оқыту бағдарламасына жаңа екі кәсіп еніп отыр.

Облыс бойынша қылмыс­тық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліме­тінше, №51 мекеме Айыртау ау­данының орталығы – Саумал­көлде орналасқан. Мұнда ауыр қылмыс жасағандар жазасын өтеп жатыр. Колонияда жаңа оқу жылына орай салтанатты жиын өтті. Биыл сотталғандар еңбек нарығында сұранысқа ие – ше­бер-құрылысшы, газ-электр дә­не­керлеуші, тігінші, көгалдан­дыру шебері, ландшафт дизай­нері мамандықтары бойынша оқиды. Биыл олардың қатарына омар­ташы және жібек құртын өсіруші қосылды.

“Оқу бағдарламасы 10 айға шақталған. Мамандар сотталған­дарды арнайы әдебиеттерді, бейнематериалдарды зерде­леуге, сондай-ақ тәжірибе жүзін­де оқытады. Көрнекілік үшін меке­меге ара ұялары, қорғаныс костюмдері және басқа да қа­жетті жабдықтар әкелінді. Жақында жібек құрттарын өсіруге арналған арнайы инкубаторлар орнату жоспарланған. Омар­ташылар мен жібек құртын өсі­ру­шілер бұл жәндіктердің физиологиясын, мінез-құлқын түсі­ніп, оларға қамқорлық жасай білуі керек. Сонымен қатар осы жәндіктердің өнімдерін жинап, өңдеуді де үйренеді”, – дейді №51 мекеме бастығының орынбасары Светлана Спасская.

Маманның айтуынша, бұл кәсіптер нарықта бәсекеге қа­білетті. Сондықтан сотталған­дар жазасын өтеп шыққаннан кейін оңай жұмысқа орналаса алады немесе өз өндірісін ашуға мүм­кіндіктері бар.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp