«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мәдениет үйі ашылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақжар ауданындағы Горь­ковское ауылында жаңа салынған Мәдениет үйі пайдалануға беріл­ді. Түтіні түзу ұшқан ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ.

Жаңадан ашылған Мәдениет үйінде ауылдың дарынды өрен­дері өз өнерлерін шыңдауға мүм­кіндік алады. Енді мұнда кон­церт­тер де жиі өтетін болады. Өйткені бұл ауылда бұрын-соңды мұндай мәдени нысан болмаған. Ал ән мен жыр, биге құштар жастар өз өнерлерімен тұрғындарды қуан­туға асық.

Мемлекеттің қолдауымен Горь­ковскоеде ашылған Мәде­ниет үйінің құрылысына 100 мил­лион теңгеден астам қаржы жұм­салған. Қазір елді мекенде 700-ден ас­там адам тұрады. Бұдан бөлек, тұр­мысы тұғырланған, кел­беті ке­мелденген ауылда тұр­ғын­дар үшін саябақ пен қоныс ау­да­рушыларға жаңа үйлер салы­нып жатқанын да айту қажет. Мә­се­лен, 2021 жылдан бері атал­мыш ауылда 20-ға жуық үй тұр­ғызыл­ған. Горьковское ауылының 5 ша­қы­рым жолы қалпына кел­тірі­ліп, жаңадан асфальт төселді. Осын­дай берекесі тасыған ауыл­дан тұрғындар да кеткісі кел­мейді.

Ақмарал ҚҰРМАНАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp