«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 10.09.2024

Ипотекалық бағдарламалардың шарттары

“Наурыз” және “Отау” ипо­те­ка­лық бағдарламаларына қа­тысу шарттары өзгерді. “Отбасы банкі” жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларға қатысушы­ларды қосымша қабылдау жа­рия­лады. Қабылдау 16-25 қыр­күйек аралығында өтеді. Қатысушылардың негізгі тізі­міне енбеген қазақстандықтар, сондай-ақ “Отбасы банкінің” тұр­ғын үй бағдарламалары аясын­да бұрын өтінім бермеген жаңа үміткерлер “Баспана Маркет” пор­талында “Наурыз” және “Отау” бағдарламаларына қаты­суға өтініш бере алады. Сонымен қатар екі бағдарла­маның шарттары …

Ипотекалық бағдарламалардың шарттары Read More »

“Е-Saqtandyru”-дың тиімді тұстары

“Е-Saqtandyru” жүйесі қысқа мер­зімде әзірленіп іске қосылды. Ол “Әлеуметтік медициналық сақтан­дыру қоры” акционерлік қоғамының негізгі қызметін цифрландыру про­це­сінің ажырамас бөлігі саналады. Медициналық көмекке ақы төлеудің жаңа жүйесі медици­налық ұйымдармен шарттық қаты­нас­тарды жүргізу процестерін оң­тай­ландыру және медициналық кө­мекті үздіксіз қаржыландыруды қам­тамасыз ету мақсатында құрылған. Бұрын қордың жеке төлем жүйесі бол­маған, тек медициналық көмекті тұтынуды есепке алу …

“Е-Saqtandyru”-дың тиімді тұстары Read More »

Асқар мұғалім

Шағын ғана Қарақамыс ауылының (Айыртау ауданы) еңбектеген баласынан еңкейген кәрісіне дейін ұлағатты ұстаз Асқар Уәлиевті тілге тиек еткісі келсе, “Асқар мұғалім” дер еді. Ерекше бір ілтипатпен, сыйластық рәуішке толы шын көңілден шыққан шынайы құрметпен. Соңғы жылдары ұстаз беделі туралы жиі айтылатыны бар. Асқар мұғалімнің бойындағы пайымды парасат, асқақ адамгершілік, алқаусыз кісілік деңгейін көңіл таразысына салған …

Асқар мұғалім Read More »

КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ТЕГІН ЕКПЕ

Өңірде “COVID”-пен ауырған­дар әлі де бар. Жыл басынан бері коронави­рус жұқтырудың 54 жағдайы тіркелді. Қайтыс болғандар жоқ. Өңірлік коммуникациялар қыз­ме­ті ұйымдастырған брифингте об­лыстағы эпидемиологиялық жағ­дай туралы айтылды. Облыстық ден­саулық сақтау басқармасының басшысы Қаныш Бижановтың ай­туынша, науқастарды вирус­тық инфекциялардан емдеу үшін барлығы 181 орын дайындалды, оның 113-і – балаларға, 68-і – ере­сек­терге арналған. “Бүгінгі күні емдеу …

КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ТЕГІН ЕКПЕ Read More »

Жақсылық жасап жарысайық, бірақ жарнамаламайық!

1943 жылы белгілі америкалық ғалым Абрахам Маслоу өзінің “Адами мотивация теориясы” атты еңбегін жариялады. Аталған еңбекте ғалым бүгінде бәріне белгілі Маслоу пирамидасына сипаттама береді. Содан бері Маслоу пирамидасы адамның даму заңдылығын, рухани биік сатыға көтерілуін сипаттау үшін қолданылып келеді. Маслоу пирамидасында адам қажеттіліктері иерархия­лық ретпен көрсетілген. Ең тө­менде адамның өмір сүруіне қа­жетті тамақ, қолайлы үй-жай, …

Жақсылық жасап жарысайық, бірақ жарнамаламайық! Read More »

Ризамыз саған, Ризабек!

Солтүстік Қазақстан облысының тумасы балуан Ризабек Айтмұхан еркін күрестен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атанды. Испанияның Понтевед­ра қаласында өткен байрақты бәсекеде жерлесіміз алтын жүлдені қан­жығасына байлады. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұ­хамбетов әлеуметтік желіде жерлесімізді құттықтап, жылы лебізін білдірді. “Ризабекті маңызды жеңісімен құт­тықтаймын. Келесі Олимпиа­даға қа­ты­суға тамаша мүмкіндігі бар. Оған спорт­тық жетістіктер ті­леймін!” – деп …

Ризамыз саған, Ризабек! Read More »

АДАЛДЫҚ АНТЫ

Оқушылар сарайында Ұлттық ұлан академиясының 1 курс кур­санттарының әскери ант беру рә­сімі өтті. 200-ге жуық курсант Ота­нына адал болуға ант берді. Ант – мемлекетке, өз елінің хал­қына адал болу деген мағынаны білдіреді. Әскери ант беру “Әске­ри қызмет және әскери қызметші­лер­дің мәртебесі туралы” Қазақ­стан Республикасының Заңымен және ішкі қызмет жарғысымен рег­ла­менттеледі. Бұл – әскери істің жо­лы­на …

АДАЛДЫҚ АНТЫ Read More »

Үздік жедел уәкіл

Облыстық полиция де­партаментінде “Үздік же­дел уәкіл” жыл сайынғы байқауы­ның қорытындысы шығарыл­ды. Үздік атану үшін полиция департа­ментінің құрамында­ғы жедел бөліністердің 16 қыз­меткері бақ сынады. Үміткерлер дене шынық­тыру дайындықтарын, та­бельдік қа­руды қолдана білу шебер­ліктерін көрсетті, заңнама бойынша тестілеуден өтті. Сон­дай-ақ қызметтегі қол жет­кізген көрсеткіштері де есеп­ке алынды. Нәтижесінде полиция майоры Миржан Махмет үз­дік атанды. Миржан тәртіп сақ­шысы …

Үздік жедел уәкіл Read More »

Көңілді би кеші

Петро­павл қаласының тұр­ғын­дары мен қонақтарына ар­налған би кеші өтті. Жастар ре­сурстық орталы­ғы, қалалық Мә­дениет үйі өкіл­дері би кешін өт­кен ғасырдың 90-жылдарындағы стильде ұйымдастырды. Жеңіс саяба­ғын­да өткен би ке­шіне түрлі жас­тағы қала тұр­ғындары қатысты. 1990-2000 жыл­дардағы тамаша әндерді тың­дап, көтеріңкі көңіл күйге бөлен­ген петропавл­дық­тардың қуа­ны­шында шек бол­мады. Қала­лық Мәдениет үйінің әртістері де өз өнерлерін ортаға салып, …

Көңілді би кеші Read More »

Экология департаментінде – жаңа басшы

Экология және табиғи ресурс­тар министрлігі Экологиялық рет­теу және бақылау комитеті бас­шы­сының өкімімен Талғат Сә­биев облыстық экология депар­та­менті­нің басшысы болып таға­йындалды. Талғат Мәлікұлы 1978 жылы Қоста­най қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Ахмет Байтұрсы­нов атындағы Қостанай мемле­кеттік университетін “Заңгер”, 2016 жылы академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-тех­­никалық универси­тетін “Эколо­гия” мамандығы бо­йынша тамам­даған. Еңбек жолын 1999 жылы Қос­танай …

Экология департаментінде – жаңа басшы Read More »

ҚАЗАҚСТАН — УРАНҒА БАЙ ЕЛ

Облыстық әкімдікте “Қоғамдық оптимизм және энергетикалық қа­уіпсіздік: Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту перспек­тива­сы” атты тақырыпта “SARAP” экс­перттік клубының өңірлік жиыны өтті. Шарада Қоғам­дық даму және Қазақстан Респуб­ликасының Ұлттық ядролық орта­лығы ғылыми зерттеу институт­тарының мамандары жергілікті билік, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен, қоғам­дық кеңес мүшелерімен, азамат­тық қоғам белсенділерімен, партия өкілдерімен, жастармен кездесіп, елімізде атом электр стансасын салу …

ҚАЗАҚСТАН — УРАНҒА БАЙ ЕЛ Read More »

Ауыл шаруашылығы – орта бизнесті нығайтудың бірден-бір көзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында алдағы уақыттағы еліміздің негізгі жұмыс бағыттарын атап өтті. Бүкіл Жолдаудың негізгі идеясы халықтың әл-ауқатын, табысын арттыруға бағытталды. Президент мақсатқа жетудің маңызды құралдарының бірі экономика құрылымын өзгерту, орта бизнесті нығайту және еңбекке әділ баға беру деді. Бұл ауыл шаруашылығына тікелей қатысты, мұнда саланың тірегі – күшті орта шаруа …

Ауыл шаруашылығы – орта бизнесті нығайтудың бірден-бір көзі Read More »

КӨШПЕНДІЛЕР ОЛИМПИАДАСЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шет мемлекеттерден келген мәртебелі меймандармен және жұртшылықпен бірге V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсімін тамашалады. “Астана Арена” стадионында өткен шараға Өзбекстан Пре­зиденті Шавкат Мирзиёев, Қыр­ғызстан Президенті Садыр Жа­паров, Түркіменстан Халк Мас­лахатының төрағасы Гурбан­гулы Бердімұхамедов, Та­тар­стан Рес­публикасының Раисы Рустам Мин­ниханов, Саха Рес­публика­сы­ның басшысы Айсен Нико­лаев, Моңғолияның бұрын­ғы пре­зиденті Энхбаяр Намба­рын, Дү­ниежүзілік этноспорт …

КӨШПЕНДІЛЕР ОЛИМПИАДАСЫ Read More »