«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ипотекалық бағдарламалардың шарттары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Наурыз” және “Отау” ипо­те­ка­лық бағдарламаларына қа­тысу шарттары өзгерді. “Отбасы банкі” жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларға қатысушы­ларды қосымша қабылдау жа­рия­лады. Қабылдау 16-25 қыр­күйек аралығында өтеді.

Қатысушылардың негізгі тізі­міне енбеген қазақстандықтар, сондай-ақ “Отбасы банкінің” тұр­ғын үй бағдарламалары аясын­да бұрын өтінім бермеген жаңа үміткерлер “Баспана Маркет” пор­талында “Наурыз” және “Отау” бағдарламаларына қаты­суға өтініш бере алады.

Сонымен қатар екі бағдарла­маның шарттары біріздендіріл­ді. Бұған дейін бағдарлама шарт­тарында ұқсастық көп еді. “Наурыз” бағдарламасы бойынша несие­нің ең жоғары сомасы өсті. Аста­на қаласы үшін бұған дейін 30 мил­лион теңге болса, қазір бұл сома 36 миллионға жетті. Ал алматы­лықтар үшін ең жоғары сома 30 миллион теңге болып белгілен­ген. Бұған дейін Алматы қала­сындағы қатысушылар үшін шекті сома 18 миллион теңге еді.

“Отау” бағдарламасына қа­ты­сушылар үшін салымдарды жи­нақтау мерзіміна қатысты та­лап алынып тасталды. Сондай-ақ Алматы немесе Астана қа­лаларында тіркеуі болуы мін­детті емес. “Наурыз” бағдарла­ма­сында бұған дейін қолданы­лып келген балл есептеу меха­низмі өзгеріссіз қалады және екі бағдарламада да бірдей есеп­те­леді. Сонымен қатар тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж ре­тінде есепте тұрған азаматтар үшін екі бағдарлама бойынша да сыйақы мөлшерлемесі 7 пайызға дейін төмендетіледі. Жылдық тиімді пайыздық мөлшерлеме 7,3 пайыздан 8,9 па­йызға дейінгі аралықта болады.

Мынадай бірыңғай балдық жүйе пай­да болады: депозит бойынша сыйақы сомасына – әрбір 1000 теңгеге 1 ұпай; тіркелген некенің болуы – 5 балл; балалардың бо­луы – 10 балл (балалардың са­ны­на қарамастан); халықтың әлеуметтік осал топтары мәртебесінің болуы – 10 балл; жасы 35-ке дейін қоса алғанда – 5 балл.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp