«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Экология департаментінде – жаңа басшы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Экология және табиғи ресурс­тар министрлігі Экологиялық рет­теу және бақылау комитеті бас­шы­сының өкімімен Талғат Сә­биев облыстық экология депар­та­менті­нің басшысы болып таға­йындалды. Талғат Мәлікұлы 1978 жылы Қоста­най қаласында дүниеге келген.

2002 жылы Ахмет Байтұрсы­нов атындағы Қостанай мемле­кеттік университетін “Заңгер”, 2016 жылы академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-тех­­никалық универси­тетін “Эколо­гия” мамандығы бо­йынша тамам­даған.

Еңбек жолын 1999 жылы Қос­танай облысы Әулиекөл ауда­нын­дағы “Чернышевский” серік­тес­тігін­де заңгер-кеңесші болып бастайды.

Қоршаған ортаны қорғау са­ласындағы жалпы еңбек өтілі 12 жылдан асады. 2020 жылдан осы тағайындауға дейін Қостанай облы­сы бойынша экология де­пар­та­ментін басқарды.

Облыстық экология департаментінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp