“Е-Saqtandyru” жүйесі қысқа мерзімде әзірленіп іске қосылды. Ол “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” акционерлік қоғамының негізгі қызметін цифрландыру процесінің ажырамас бөлігі саналады.
Медициналық көмекке ақы төлеудің жаңа жүйесі медициналық ұйымдармен шарттық қатынастарды жүргізу процестерін оңтайландыру және медициналық көмекті үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Бұрын қордың жеке төлем жүйесі болмаған, тек медициналық көмекті тұтынуды есепке алу жүйесі болған.
“Е-Saqtandyru” жүйесін енгізу медициналық ұйымдарға шарттарды басқару процесін жеңілдетеді. Егер бұрын медициналық ұйымдар әртүрлі ақпараттық жүйелерде шарттар мен төлем құжаттарын (МӘМС және ТМККК бойынша бөлек) қалыптастырған болса, қазір “Е-Saqtandyru” жаңа жүйесін енгізудің нәтижесінде, бұл процесс бір ақпараттық жүйеде бір шартқа дейін жеңілдетілді.
“Е-Saqtandyru” ақпараттық жүйесінде өте қысқа мерзімде медициналық ұйымдармен шарттар жасасу бойынша функционалы пайдалануға берілді. “Е-Saqtandyru” ақпараттық жүйесінің төлем модулі 2024 жылғы 17 мамырда іске қосылды және бүгінгі күні денсаулық сақтау субъектілеріне көрсетілген медициналық көмек үшін мамыр айы кезеңінде төлем жүргізілуде.
Қор 2024 жылғы 20 тамыздағы жағдай бойынша жыл басынан бері медициналық ұйымдарға 1,4 трлн. теңгеге жуық қаржы төледі.
Медициналық ұйымдарды қаржыландыру көлемі жыл басынан бері амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, 1 трлн. 455 млрд. теңгені құрағанын атап өткіміз келеді. Яғни бұл жылдық қаржыландыру көлемінің жартысынан көбін құрап отыр.
Қарлығаш ІЛИЯСОВА,
“Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” акционерлік қоғамы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз хатшысы.