«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ТЕГІН ЕКПЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде “COVID”-пен ауырған­дар әлі де бар. Жыл басынан бері коронави­рус жұқтырудың 54 жағдайы тіркелді. Қайтыс болғандар жоқ.

Өңірлік коммуникациялар қыз­ме­ті ұйымдастырған брифингте об­лыстағы эпидемиологиялық жағ­дай туралы айтылды. Облыстық ден­саулық сақтау басқармасының басшысы Қаныш Бижановтың ай­туынша, науқастарды вирус­тық инфекциялардан емдеу үшін барлығы 181 орын дайындалды, оның 113-і – балаларға, 68-і – ере­сек­терге арналған.

“Бүгінгі күні емдеу мекемеле­рінде коронавирус жұқтырған 4 адам стационарлық ем алып жа­тыр, олардың екеуі жүкті әйел. Сон­дай-ақ жіті респираторлық-вирустық инфекция жұқтырған 18 адам ауруханаға түсті, олардың жетеуі ересек, 11-і – бала”, – дейді Қаныш Бижанов.

Басқарма басшысының айтуын­ша, суық тиіп ауырудың 689 дерегі тіркелді. Оның ішінде 427-сі – 18 жас­қа дейінгі бала, 28-і – ересектер.

“Қазақстанда, бүкіл әлемдегі­дей, 100 пайыз “Омикрон” штаммы­ның әртүрлі нұсқалары таралып жа­тыр. ЖРВИ, тұмау және “COVID-19” бойынша эпидемиялық маусым ке­зе­ңінде профилактикалық және эпи­демияға қарсы іс-шараларды өткізу бойынша бас мемлекеттік санитар­лық дәрігердің қаулысы бар. Оның ішінде бетперде тағу, анти­септиктерді қолдану, ЖРВИ, тұмау белгілері бар жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балаларға қатысты үйге шақыру келіп түскен жағдайда оларға бірінші кезекте қызмет көр­сету және 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу шаралары бар”, – дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық ба­қы­лау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

Биыл тәуекел тобына жататын 60 мың адамды тегін иммундау жос­парланған. Ол үшін Ресейде шыға­рылған “Гриппол плюс” вакцинасы сатып алынды. Вакцинация тұрғы­лықты жері бойынша емханаларда жүргізіледі.

Тұмауға қарсы вакцина меди­ци­на қызметкерлеріне, медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұр­ғандарға, балалар үйле­рінің тәр­биеленушілеріне, қарттар үйлерінің контингентіне, эпидемио­логиялық көр­сеткіштер бойынша, яғни 2-3 триместрдегі жүкті әйел­дерге, со­зылмалы аурулары бар адамдарға, 65 жастан асқан адам­дарға және тағы басқаларға тір­келген жері бойынша емханада қойылады.

Мамандар тұмау, ЖРВИ, КВИ ауруларының алдын алу үшін пә­терді, үйді, жұмыс орнын үнемі жел­детіп отыруға, ан­тисептикалық құ­ралдарды қолда­нуға, ауру адам­дармен байла­ныс­ты шектеуге, ауру белгілері бар адам­дармен бай­ланыста болған жағдайда бетперде тағуға және уақтылы медици­налық көмекке жүгінуге кеңес бе­реді.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp