«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨШПЕНДІЛЕР ОЛИМПИАДАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шет мемлекеттерден келген мәртебелі меймандармен және жұртшылықпен бірге V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсімін тамашалады.

“Астана Арена” стадионында өткен шараға Өзбекстан Пре­зиденті Шавкат Мирзиёев, Қыр­ғызстан Президенті Садыр Жа­паров, Түркіменстан Халк Мас­лахатының төрағасы Гурбан­гулы Бердімұхамедов, Та­тар­стан Рес­публикасының Раисы Рустам Мин­ниханов, Саха Рес­публика­сы­ның басшысы Айсен Нико­лаев, Моңғолияның бұрын­ғы пре­зиденті Энхбаяр Намба­рын, Дү­ниежүзілік этноспорт кон­феде­рациясының президенті Бі­ләл Ердоған, сондай-ақ ЮНЕСКО, АӨСШК, БҰҰ Дү­ние­жүзілік ту­ризм ұйымы, Түркі мем­ле­кет­тері ұйымы, ТҮРКСОЙ, Түр­кі инвес­ти­циялық қоры, Түркі мем­лекет­терінің Парламенттік ассамблея­сы, Ислам спорт қа­уым­дастығы, Азық-түлік қауіпсіз­дігі жөніндегі Ислам ұйымының басшылары, Еуропа одағының Орталық Азия­дағы арнайы өкілі және бас­қа да ресми тұлғалар қатысты.

Дүбірлі доданың ашылу сал­танатында қазақ жерін мекен ете­тін түрлі этнос өкілдерінің бала­лары Қазақстан Респуб­ликасы­ның Туын алып шықты. Бұдан ке­йін еліміздің Әнұраны шырқал­ды.

Қалыптасқан дәстүр бойын­ша жарысқа қатысушы мемле­кет­тер спортшыларының шеруі өт­ті. Биылғы Көшпенділер ойын­­да­­рына Азиядан, Еуропа­дан, Сол­­­түстік және Оңтүстік Амери­ка­дан, Африкадан, сон­дай-ақ Австра­лиядан спортшы­лар келді.

Салтанатты жиында Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы сөз сөйлеп, әлем­дік ауқымда өтіп жатқан ай­рықша маңызды іс-шараға қаты­су үшін Қазақстанға келген ба­уырлас мемлекеттердің бас­шы­ларына, мәртебелі мейман­дарға және спортшыларға шы­найы ал­ғысын жеткізді.

Президент көшпенділер өр­ке­ниеті дүниежүзі тарихында өш­пес із қалдырған өркениет екенін айрықша атап өтті.

– Ұлы дала көшпенділері ежелден байтақ Еуразияны ме­кен еткен. Олар жаһандық даму үдерісіне түбегейлі өзгеріс әкел­ді, сол замандағы озық тех­но­ло­гияның иесі болды. Көш­пенділер бес мың жыл бұрын жылқыны қол­ға үйретті. Дүниені дү­бірлет­кен салт аттылар мә­де­ниетін қа­лыптастырды. Қуатты қару-жа­рақ пен ғажайып зер­герлік бұ­йым­дар жасап шығар­ды. Сақ дә­уірінің Алтын адам­дары – соның айқын дәлелі. Қазақ жерінен әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи сынды ғұламалар шыққан. Олар ілім-ғылымның дамуына орасан зор үлес қос­ты. Біздің бабала­ры­мыз алып мемлекеттер құрды, үлкен қа­ла­лар салды. Ұлы да­лада Оты­рар, Түркістан, Тараз, Сарай­шық сияқты сәулетті шаһарлар бой көтерді. Көшпенді жұрт ба­тыс пен шығысқа көпір болып, түрлі мәдениеттің жа­қындасуы­на әсер етті. Осы жер­де ежел­гі Ғұн империясы, одан соң Түрік қағанаты салтанат құрды. Олардың даңқты жолын Алтын Орда мен Қазақ хандығы жал­ғастырды, – деді Қасым-Жо­март Тоқаев.

Мемлекет басшысы Көш­пен­ділер ойыны бабалар ама­нат еткен қастерлі мұраны көз­дің қа­рашығындай сақтап, жас буынға табыстау мақсатынан туған бі­регей жоба екенін айтты.

– Он жыл бұрын осы жарыс­ты алғаш ұйымдастырған қыр­ғыз бауырларға алғыс айтамын. Бұл – ұлттық спорт түрлерінен өтетін әлемдегі ең ірі дода. Оны Көш­пенділер олимпиадасы деу­ге бо­лады. Бұл ойындар дала өрке­ниетін жер жаһанға паш етеді. Спорт – өзара құрмет пен сый­ластық символы. Спорттың бас­ты миссиясы – халықтар дос­тығын нығайту. Қазақстан бүкіл әлемге бейбітшілік пен келісім мекені ретінде танымал. Еліміз­де түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Біз алыс-жа­қын шетелдің бәрімен тығыз бай­ланыс орнаттық. Басқа мемле­кеттер де өзара достық қаты­наста болғанын қалаймыз. Сон­дықтан Көшпенділер ойын­дары ынтымағымызды бекем­дей түс­пек, – деді Президент.

Төрткүл дүниені жайлаған көшпенділер өркениетінің бай мәдениеті мен тағылымды та­ри­хын, салт-дәстүрін паш етіп, адам­зат баласын ортақ үйіміз – Жер ананы сақтауға үндеген ашы­лу салтанаты бірнеше эпи­зодқа ұласты.

Сонымен қатар салтанатты жиында V Дүниежүзілік көш­пенділер ойындарын ұйымдас­тыру комитетінің төрағасы Ро­ман Скляр, Дүниежүзілік этно­спорт конфедерациясының пре­зиденті Біләл Ердоған сөз сөй­леді.

“Аkorda.kz”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp