«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көңілді би кеші

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петро­павл қаласының тұр­ғын­дары мен қонақтарына ар­налған би кеші өтті. Жастар ре­сурстық орталы­ғы, қалалық Мә­дениет үйі өкіл­дері би кешін өт­кен ғасырдың 90-жылдарындағы стильде ұйымдастырды. Жеңіс саяба­ғын­да өткен би ке­шіне түрлі жас­тағы қала тұр­ғындары қатысты. 1990-2000 жыл­дардағы тамаша әндерді тың­дап, көтеріңкі көңіл күйге бөлен­ген петропавл­дық­тардың қуа­ны­шында шек бол­мады. Қала­лық Мәдениет үйінің әртістері де өз өнерлерін ортаға салып, кеш көрігін қыздыра түсті.

Кеш қонақтары күнделікті күй­бең тіршілікті бір сәтке болса да ұмыттыруға мүмкіндік ту­ғызған ұйымдастырушыларға ри­зашылықтарын білдірді.

Ақмарал ҚҰРМАНАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp