«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ризамыз саған, Ризабек!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысының тумасы балуан Ризабек Айтмұхан еркін күрестен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атанды. Испанияның Понтевед­ра қаласында өткен байрақты бәсекеде жерлесіміз алтын жүлдені қан­жығасына байлады. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұ­хамбетов әлеуметтік желіде жерлесімізді құттықтап, жылы лебізін білдірді.

“Ризабекті маңызды жеңісімен құт­тықтаймын. Келесі Олимпиа­даға қа­ты­суға тамаша мүмкіндігі бар. Оған спорт­тық жетістіктер ті­леймін!” – деп жаз­ды Ғауез Торсан­ұлы әлеу­меттік же­лідегі жеке па­рақ­шасында.

97 келіге дейінгі салмақта сынға түс­кен Ризабек финалда әзір­­байжандық Хетаг Карсановпен белдесті. Бір жыл бұрын ересек­тер арасында әлем чем­пионы атан­ған Риза­бек бұл қарсы­ла­сын 10:0 есебімен ой­сы­ра­та жеңді. Тур­нир ба­ры­сында жер­лесіміз барлық қар­сы­ла­сын айқын басымдықпен жең­ге­нін айта кеткен жөн.

Ризабек былтыр 20 жас­қа дейінгі балуандар арасын­дағы әлем чемпионатында 92 келіге дейінгі салмақта кү­міс жүл­де ал­ған болатын. Сондай-ақ ересектер арасында әлем чемпио­ны атан­ған. Ризабек Айт­мұхан – ер­кін кү­рестен жастар және ересектер ара­сында әлем чемпио­натында топ жар­ған алғашқы қазақ­стандық ба­луан.

Зарап ҚҰСАЙЫНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp